Қазақстан мен Италия жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Италия жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Кассино, сәуірдің 8, 2022 - Білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту шеңберінде, Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев жұмыс сапарымен Лацио өңірінің Кассино университетіне барды.

Университет ректорымен Марко Дель’Изола және оқытушылар құрамымен кездесу барысында, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату мәселелері, сондай-ақ қос дипломды білім беруді іске қосу перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Кассино университеті мен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң факультеттері арасында өзара іс-қимылды жолға қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ректор қазіргі уақытта Кассино университетінде Қазақстаннан 100-ге жуық студент оқып жатқанын, сондай-ақ олардың жоғары үлгерімін атап өтіп, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау аясында басым бағыттар бойынша қазақстандық оқу орындарымен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Е.Сембаев италиялық тарапқа алғысын білдіріп, білім беру саласы Жоғары және орта білім беруді жаңғырту бойынша Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Елшінің профессор-оқытушылар құрамы үшін, оның ішінде осы университетте оқып жатқан итальяндық және қазақстандық студенттер үшін таныстыру дәрісі өтті. Дәріс тақырыбы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына, сондай-ақ еліміздің жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларына бағытталған.

Атап айтқанда, Е.Сембаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып, қатысушыларды Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Кездесу тақырыбы тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік пайдаланып, қазақстандық дипломаттан толық жауаптар алды.

Іс-шара соңында Қазақстан Елшісі университет кітапханасына Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» және Абайдың «Қара сөздері» итальян тілінде кітаптарын сыйға тартты.