Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде «Италиядағы қазақстандық жастар қауымдастығының» ашылуы өтті

Наурыз мейрамын мерекелеу шеңберінде  «Италиядағы қазақстандық жастар қауымдастығының»  ашылуы өтті

Рим, 2022 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Елшілігінде Наурыз мейрамын мерекелеу барысында «Италиядағы қазақстандық жастар қауымдастығының» салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев өзінің құттықтау сөзінде елімізде болып жатқан маңызды оқиғалар туралы хабардар етті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауына ерекше тоқталды.

«Президенттің реформалары өмірдің барлық салаларын қамтиды, сонымен қоса азаматтардың барлық санаттарының мемлекет пен қоғамды жүйелі жаңғыртуға тартылуын күшейтуге бағытталған», - деп атап өтті Е.Сембаев.

Қазақстандық дипломат елімізді жаңғыртудағы маңызды рөл жас ұрпаққа тиесілі екенін және қауымдастығын құру Италияда тұратын жастарымызға осы процеске қатысуға мүмкіндік беретінін айтты.

Осы іс-шараны бірлесіп ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіре отырып, қауымдастығының басшысы Ғазиз Каракулов бұл қозғалыстың өкілді тәуелсіз қоғамдастық болып табылатынын және Италияда тұратын студенттер мен қазақстандық жастарды біріктіруге бағытталғанын атап өтті.

«Біздің жастар ұйымы қазақстандық мәдениетті елден тыс жерлерде алға жылжытуға, Италиядағы қазақстандықтарды біріктіруге, сонымен бірге халықаралық аренада елімізді лайықты дәрежеде танытуға бағытталған. Сондықтан «Жаңа Қазақстан» реформалары қазіргі және болашақ ұрпаққа өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру және отанымыздың дамуы үшін жоғары ынталандыру береді», - деді Ғ.Қаракулов.

Сөз соңында Е.Сембаев қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтап, мерекенің жаңа өзгерістерге жол ашуын, ал біздің еліміз мықты және ұйымшыл мемлекет болып қалуын тіледі.

Мерекелік іс-шарада қазақстандық студенттердің орындауында халық әндері мен қазақ музыкалық шығармалары шырқалып, ұлттық дастархан жайылды.