Итальян Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

Итальян Республикасының аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына!

2022 жылғы 5 - 19 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстанның бірқатар халықаралық әуежайларының, оның ішінде Алматы қаласы әуежайының жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілгені жайлы хабарлаймыз. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеуде.

Тиісті рейстер туралы қажетті ақпаратты алдын-ала әуе компанияларынан нақтылап алуды сұраймыз.

Сонымен қатар, егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз Елшілікке тәулік бойы жедел байланыс қызметіне келесі телефондар арқылы хабрласа аласыз: +39 06 363 011 30, ұялы нөмір: +39 334 173 79 29 (whatsapp), roma@mfa.kz, consul.roma@mfa.kz