
Флоренция, 2021 жылғы 22 желтоқсан - Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев Флоренция мэрі Дарио Нарделламен және Тоскана аймағының іскер топтары өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Е.Сембаев Қазақстанда жүргізілген саяси және экономикалық реформалардың арқасында 2020 жылы еліміз Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде әлемнің 190 елі арасында 20-орынға, оның ішінде «миноритарлық инвесторларды қорғау» бойынша 7-ші орынға ие болғанын атап өтті.
Қазақстан Елшісі Қазақстан мен Италия өңірлері арасындағы инвестициялық-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айтты.
Сондай-ақ, Д.Нарделла мен Тоскана аймағының іскер топтары өкілдері Флоренция, Тоскана аймағы және Қазақстан облыстары арасындағы мәдени және экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге үлкен қызығушылық танытты.