
2021 ж. 26 қазан, Рим қ. - Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев Италия Парламенті Сенатының Вице-президенті Паола Тавернамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі ең өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты және Италия мен Қазақстан және жалпы Орталық Азия өңірі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.
Сонымен қатар, тараптар саяси сұхбаттың белсенді қарқынын, атап айтқанда, Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты қанағаттанушылықпен атап өтті. Сонымен бірге, әріптестікті дамытудың маңызды құралы ретінде парламентаралық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, байланыстарды жан-жақты кеңейтуге екіжақты қызығушылық білдірді.