
Ү.ж. 19 қазанында Болонья қаласында Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев Италияның бұрынғы Премьер-Министрі (1996-1998, 2006-2008) және Еуропалық Комиссияның Төрағасы (1999-2004) Романо Продимен кездесті.
Кездесу барысында Тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Р.Проди Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Р.Проди сонымен қатар Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев жүргізіп отырған Қазақстандағы саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
Кездесу соңында Р.Проди Елбасы Н.Назарбаев пен Президент Қ.Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтауларын жеткізді.