Римде қазақстандық және италиялық балалар арасында жолдастық футбол матчы өтті

Римде қазақстандық және италиялық балалар арасында жолдастық футбол матчы өтті

Рим, 2021 ж. 19 маусым – Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ҚР-дың Сан-Марино Республикасындағы Құрметті консулы Джованни Помпонимен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақстандық және италиялық балалар арасында футболдан жолдастық матчын ұйымдастырды.

Командалар Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі қызметкерлерінің балаларынан, Римде тұратын Қазақстан азаматтарынан, сондай-ақ италиялық «Рома» клубының балалар футбол академиясының тәрбиеленушілерінен құрылды.

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев қатысушылар мен қонақтарды матч басталар алдында құттықтап, балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту екі ел арасындағы мәдениаралық түсіністікті ілгерілетудің маңызды қадамы екендігін атап өтті.

Елші бұл жолдастық кездесу болғанымен, балалардың бір-бірімен ойын, бірақ салауатты бәсекелестік жағдайында қарым-қатынас жасауы маңызды, бұл оларды жолдастық, ынтымақтастық пен командалық өзара түсіністікке итермелейтінін атап өтті.

Дипломат қазақстандықтар мен италиялықтардың арасындағы достық қатынастарды жас кезінен бастап осы футбол матчы сияқты іс-шараларды ұйымдастыру арқылы нығайту Қазақстан мен Италия арасындағы екіжақты қатынастардың болашағына үлкен үміт сыйлайтындығын баса айтты.

Снымен қатар, Елші футболдан Еуропа чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатқан Италия құрамасына алдағы ойындарда жеңіс тіледі.

Матч соңында Елші балаларға қатысқандары үшін алғысын білдіріп, оларға естелік сыйлықтар мен сувенирлер табыстады.