2021 жылғы 20 сәуірде ҚР Италиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Сембаев Италия Парламенті Депутаттар Палатасының Квесторы – «Қазақстан-Италия» достық тобының төрағасы Э.Чириеллимен кездесті.
Аталған кездесуге Италия Депутаттар Палатасының Вице-спикері Э.Розато және топтың басқа да мүшелері қатысты. Тараптар ағымдағы жағдай туралы пікір алмасып, екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.