
РИМ, 2021 ж. 19 ақпан – Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің Кеңесшісі Әсет Байсынов пен Елшіліктің Консулы Алмат Әбжанов Италия Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің Директоры Эуфимиа Эспозитомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы Ішкі істер органдары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі дамыту бойынша пікір алмасты.
Э.Эспозито қазақстандық дипломаттарды Италияның Ішкі істер органдарының құрылымымен таныстырып, қазақстандық әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға мүдделі екенін атап айтты. Сонымен қатар, сұхбаттас екі ел ішкі істер органдары арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігіне тоқтай отырып, қазіргі кездегі коронавирус жағдайына байланысты оларды әзірше онлайн форматында өткізуді ұсынды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар осы саладағы бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға келісті.