Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы туралы хабарлама

Құрметті отандастар!

2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі
(Via Cassia, 471, 00189 Roma RM) жанындағы №245 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің жанындағы №245 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

 Құрметті сайлаушылар!

Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Италия аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Италияда тұратын мекенжайы, байланыс деректері) consul.roma@mfa.kz электрондық мекенжайына «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан табуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз:

+39 06 36301 130.