
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері келесі 19 мемлекеттік қызметтерді көрсететіндігін хабарлаймыз:
1) «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу»;
2) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресiмдеуі»;
3) «Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыспен кеткен және сол жерде тұрғылықты тұруға ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау»;
4) «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу»;
5) «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу»;
6) «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу»;
7) «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу»;
8) «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу»;
9) «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке қою»;
10) «Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын есептен алу»;
11) «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу»;
12) «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту»;
13) «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру»;
14) «Қайтып оралуға куәлікті ресімдеу»;
15) «Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу»;
16) Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу»;
17) «Құжаттарды заңдастыру»;
18) «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру»;
19) «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау».
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы қосымша ақпарат Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінің сайтында келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma.
Бүгінгі күнге, Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің 87%-дан астам электронды форматта қол жетімді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2020 жылдың соңына қарай электрондық форматта қолжетімді мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 90%-ға жетеді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігіне сайтта көрсетілген байланыстар арқылы хабарласуға болады.