Қазақстанда COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылдың 17 сәуірінен бастап 57 мемлекеттің, оның ішінде Италия азаматтарына біржақты визасыз режимін уақытша тоқтатты.
Сондай-ақ, 2020 жылғы 17 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзиттен өтетін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіру бойынша жетпіс екі сағаттық визасыз режимі тоқтатылды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, Қазақстанға 2020 жылдың 1 қарашасына дейін баруды жоспарлаған Италия азаматтарына тиісті санаттағы визаны Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігінде ресімдеу қажет.
Қазақстандық визаны алу шарттарының маңызды өзгерісіне назар аударыңыз.
Маңызды
Виза алу үшін құжаттарды консулдық бөлімге тапсырған кезде өтініш берушілер консулдық бөлімге келгенге дейін 48 сағат ішінде коронавирустық инфекцияның жоқтығы туралы медициналық анықтаманы ұсынуы керек.
48 елдің азаматтары Қазақстанға баруға шақырусыз (визалық қолдау) бір мәртелік келесі категориялар бойынша визаларды алуға құқылы:
Барлық визалар Қазақстан Республикасының визаларын берудің қолданыстағы ережелеріне сәйкес ресімделеді.
Барлық басқа санаттағы визалар үшін аталған елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының визаларын беру ережесінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі басқармасы арқылы берілген ресми шақыру хатын (визалық қолдау) ұсынуы қажет.
Австралия, АҚШ, Австрия, Бахрейн, Бельгия, Болгария, Ватикан, Вьетнам, Германия, Греция, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Индонезия, Италия, Канада, Катар, Кипр, Колумбия, Кувейт, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Венгрия, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Норвегия, Оман, Польша, Португалия, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словакия Словения, Таиланд, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция және Эстония азаматтарына Қазақстанға кіру визасын ресімдеу қажет.