Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады. АӨСШК шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мүше мемлекеттер арасында сенім мен ізгі ниет атмосферасын құру АӨСШК-тің негізгі мақсаты болып табылады. АӨСШК сенім шараларының каталогында Сенім шараларының тізбесі бар. АӨСШК сенім шаралары каталогында бес өлшем бойынша: экономикалық, экологиялық, адами, әскери-саяси және жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес саласындағы сенім шаралары айқындалған. АӨСШК хатшылығы – кеңестің әкімшілік органы, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтанда орналасқан. Хатшылықтың штатына мүше мемлекеттер жіберетін атқарушы директор, атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал кіреді. АӨСШК мүше мемлекеттер: Әзірбайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Вьетнам, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Ирак, Иордания, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Шри-Ланка. АӨСШК бақылаушы мемлекеттері: Беларусь, Индонезия, Лаос, Малайзия, Филиппин, Украина, АҚШ, Жапония. АӨСШК бақылаушы ұйымдары: БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ, ТүркПА, хом. Төрағалары: Қазақстан (2002-2010 жж.), Түркия (2010-2014 жж.), Қытай (2014-2018 жж.), Тәжікстан (2018-2020 жж.), Қазақстан (2020-2022). Негізгі кездесулер: Бірінші министрлік кездесу (1999), Бірінші Саммит (2002), Екінші министрлік кездесу (2004), Екінші Саммит (2006), Үшінші министрлік кездесу (2008), Үшінші Саммит (2010), Төртінші министрлік кездесу (2012), Төртінші Саммит (2014), Бесінші министрлік кездесу (2016), Бесінші Саммит (2019). Құрылтай құжаттары: АӨСШК-ке мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясы (1999 жылы АӨСШК Сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002 жылы АӨСШК мемлекет және үкімет басшылары қол қойған). Негізгі құжаттар: Сенім шараларының каталогы, рәсім ережелері (2004 жылы қабылданған 2014 жылғы түзетулермен бірге), АӨСШК Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006 ж.қол қойылды, ҚР 2007 ж. ақпанда ратификацияланды), АӨСШК рәмізі туралы ереже, сенім шараларын жүзеге асыруға кооперативтік көзқарас, АӨСШК сыртқы байланыстары туралы Ереже (2007 ж. қабылданды), Хатшылықтың ҚР аумағында болу шарттары туралы Келісім (2007 ж. қол қойылды, Қазақстан 2008 ж. наурызда ратификацияланды), АӨСШК Хатшылығы туралы келісімге толықтырулар енгізу туралы Хаттама (2008 ж. қол қойылды), Хатшылықтың, оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері туралы АӨСШК мемлекеттерінің өкілдері (2010 жылы қол қойылған, Қазақстан 2011 жылғы 28 қарашада ратификациялаған). Саяси декларациялар: Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа жәрдемдесу туралы Декларация (2002 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Екінші кездесуінің Декларациясы (2004 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Екінші Саммитінің Декларациясы (2006 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуінің Декларациясы (2008 ж.), Мемлекет немесе Үкімет басшыларының Үшінші Саммитінің Декларациясы (2010 ж.), Сыртқы істер министрлерінің Төртінші кездесуінің Декларациясы (2012 ж.), «Жаңа Азия үшін диалогты, сенім мен үйлестіруді нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастық» АӨСШК Төртінші Саммитінің Декларациясы (2014 ж.), Сыртқы істер министрлерінің «Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды диалог арқылы ілгерілету» Бесінші кездесуінің Декларациясы (2016 ж.), «АӨСШК қауіпсіз және одан да өркендеген өңірінің ортақ көрінісі» АӨСШК Бесінші Саммитінің Декларациясы (2019 ж.). Ресми мерекесі: 5 қазан (АӨСШК күні). Жұмыс тілдері: ағылшын және орыс. Қол қою немесе қабылдау үшін ресми құжаттардың тілі ағылшын тілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2020-2022 жылдары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) төрағалығының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Алғы сөз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында алғаш рет айтылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеясы Азия өңірінде сенімді нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын қалыптастыруға негіз болды. Форум жұмыс істеген жылдары 5 саммит және 5 министрлік кездесулері өткізіліп, онда АӨСШК қызметінің негізгі базалық қағидаттары мен оған негіз болатын жарғылық құжаттар қабылданды. Форумның басты міндеті ретінде халықаралық құқық қағидаттары мен күш тұрғысынан саясаттың қолайсыздығы, экономикалық дамудағы, нәсілдік, этникалық және діни тиістілігінің айырмашылықтары негізінде ашық және сындарлы диалог арқылы Азия мемлекеттері арасындағы қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер мен проблемаларды талқылау үшін қолайлы жағдай жасау болды. Өткен 28 жыл ішінде Форум халықаралық саясаттың проблемалық мәселелер бойынша ашық ой-пікірлер алмасатын диалог алаңына айналды, сондай-ақ олардың арасында өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті. Сегіз елмен және бақылаушы мәртебесіне ие бес ұйыммен қатар, АӨСШК мүшелерінің санын 27 мемлекетке дейін ұлғайту осы платформаның өзектілігін әрі оның қажеттілігінің дәлелі болып табылады. Сонымен бірге, бүгінгі шындық АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа басымдықтары мен неғұрлым пәрменді тетіктерін әзірлеуді талап етеді. Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығының басымдықтары Қазақстан, Форумда бұдан бұрын төрағалық еткен Түркия, Қытай және Тәжікстан сынды мемлекеттердің оң тәжірибелеріне сүйене отырып, АӨСШК үдерісін одан әрі ілгерілету жөніндегі жұмыстың қарқынын арттыруды жоспарлап отыр. Қазақстандық төрағалық ашықтық пен бейтараптық қағидаттарына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жаһандану жағдайында әлем өзара байланысты және өзара тәуелді бола түсуде. Нәтижесінде қазіргі заманғы сын-қатерлер әмбебап сипатқа ие болуда. Жаһандық басқару институттарының, ең алдымен БҰҰ тиімділігінің төмендеуі мен халықаралық құқықтың эрозиясы жалғасуда. Жаппай қару шығарумен және жаңа жүйелер мен қару түрлерін әзірлеумен қосарлана жүретін, стратегиялық тұрақтылық пен ядролық қаруды бақылау жүйесінен алшақтау байқалуда. Терроризм, экстремизм және есірткінің заңсыз айналымы сияқты мәселелер заманауи технологиялар мен ықпал етудің жаңа салаларын игере отырып, едәуір трансұлттық сипатқа ие болуда. Әлемдік экономикалық архитектурадағы өзгерістер алаңдаушылық тудыруда. Жаһандық алаңдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың орнына сауда, инвестициялық және технологиялық қолдампаздықпен алмастырылуда. Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) тиімділігі төмендеуде, өңірлік және екіжақты альянстардың тартымдылығы артуда. Киберқылмыс және жеккөрушілікті қоздыру қоғамдық сананы басқаруға, тіршілікті қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік жүйелерінің бұзылуына бағытталған ақпараттық соғыстардың ажырамас бөлігі болды. Covid-19 короновирустық індетінің таралуы мысалында бүкіл әлемде эпидемиялық аурулар мен пандемиялардың өршуі адамдардың өмір сүруіне ғана емес, сонымен бірге ұлттық, аймақтық және жаһандық экономика мен қауіпсіздікке де ерекше биологиялық қауіп төндіретіні белгілі болды. Азық-түлік, энергетикалық, су және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары неғұрлым өзекті болып қалуда. Заңсыз және бақыланбайтын көші-қон ауқымы артуда. Бұл жағдайда белсенді ұжымдық өзара іс-қимылы және өркениеттердің ашық диалогы ғана барлық мемлекеттердің тұрақтылығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дұрыс шешімдерді айқындауға қабілетті. Қазақстан төрағалығының тақырыбы ретінде: «Азиядағы қауіпсіздік пен даму жолындағы әріптестік» болады. АӨСШК институционалдық дамуын дәйекті ілгерілету Көрсетілген сын-қатерлер мен қауіптер мәнмәтінде ерекше талап етілетін АӨСШК базасында Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымын (АҚДҰ) құру жөніндегі бастама болып табылады. Бұл идеяны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің 4-ші кеңесі (2012 ж. 12 қыркүйекте) барысында ұсынды және кейін АӨСШК-тің Шанхай саммитінде (2014 ж. 21 мамырда) жария етті. Душанбе қ. өткен АӨСШК-нің 5-ші саммиті барысында, Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев «форумның тиімділігі мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны біртіндеп толыққанды өңірлік ұйымға айналдыру қажет» деп атап өтті. АӨСШК-ні ұйымға айналдыру оның оған мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, барлық азиялық кеңістікті терең өзара сенім мен өзара көмек жүйесімен қамтуға, сондай-ақ форумның халықаралық аренадағы мәртебесі мен ықпалын арттыруға мүмкіндік береді. АӨСШК қорын құру, АӨСШК данышпандар кеңесін құру, Аналитикалық орталықтар форумын тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналдыру сияқты Душанбе саммитінің декларациясында көрініс тапқан жаңа шараларды жүзеге асыру Кеңес қызметінің тиімділігін және оның жаһандық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін болады. Сонымен қатар, құрамында қазіргі, болашақ және алдыңғы Кеңес төрағаларының өкілдері енген АӨСШК-нің толыққанды «Үштік» институтын құру, сондай-ақ кейін оны Тұрақты өкілдер Кеңесі етіп қайта құру арқылы Нұр-Сұлтан қаласында АӨСШК-ге мүше мемлекеттер елшілерінің клубын құру мәселесін өзектендіру орынды. Бұл шаралар Форумды одан әрі институцияландыруға ықпал етеді және АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. АӨСШК халықаралық мәнмәтінде АӨСШК Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және оның заңды міндеттейтін құжаттарына адал болып қала береді. Азиядағы құбылмалы ахуал жағдайында АӨСШК жаһандық процестермен және БҰҰ күн тәртібімен қатар жүретін болады, олардың негізгілері Тұрақты дамудың 17 мақсатымен (ТДМ) 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі және ТДМ іске асыру жөніндегі жеделдетілген іс-қимылдардың он жылдығы болып табылады. АӨСШК, сондай-ақ БҰҰ-ның әйелдер мен жастардың, сондай-ақ жан-жақты дамуға және «ешкімді артта қалдырмау» қағидасына ұмтылу үшін басқа да осал топтардың теңдігі мен құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдарына қатысады. АӨСШК климаттың өзгеру салдарын жеңілдетуге және Париж келісімін жүзеге асыруға жақтас болады. Осылайша, АӨСШК-ге мүше мемлекеттер қабылдайтын өңірлік шаралар осы бағыттағы халықаралық іс-қимылдарға ықпал ететін болады. Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Мінез-құлық кодексі алға тартқан БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын жүзеге асыру өте маңызды. БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің Бейбітшілік үшін жаңа күн тәртібі, Даму жүйесін реформалау, Қарусыздану саласындағы күн тәртібі мен Бітімгершілік реформасы да АӨСШК өңірі үшін едәуір маңызды болып қала бермек. АӨСШК Сенім шаралары каталогын практикалық тұрғыда жүзеге асыру Қазақстандық төрағалық АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетудің негізгі құралы болып табылатын Сенім шаралары каталогын жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Қажет болған жағдайда және оған мүше мемлекеттермен келісе отырып халықаралық күн тәртібіндегі өзгерістерге байланысты жаңа сенім шараларын енгізу мүмкін. Сондықтан, соңғы үрдістерді назарға ала отырып, эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулықты қорғау, фармацевтика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастыру, сондай-ақ АӨСШК форматында гуманитарлық және әлеуметтік өзара іс-қимылды кеңейту ұсынылады. Бұл ретте сенім шараларын АӨСШК шеңберінде қолданыстағы экономикалық, әскери-саяси, адами, экологиялық, сондай-ақ жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес сияқты өлшемдерге сәйкес жүзеге асыру керек. Форум қызметін мазмұнды толтыруда Сенім шараларын үйлестірушілер мен үйлестірушілердің қызметін жандандыру маңызды болып табылады. Осы мақсатта БҰҰ-ның тиісті бөлімшелерімен, БҰҰ Хатшылығының агенттіктерімен және департаменттерімен тығыз ынтымақтаса отырып, әрбір сенім шарасы бойынша қолда бар тұжырымдамалар мен іс-қимыл жоспарларын жаңарту қажет. Бұл Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы АӨСШК беделі мен рөлін күшейте түседі. Сонымен қатар, Іскерлік және Жастар кеңестері, АӨСШК үкіметтік емес және бизнес форумдары шеңберінде бизнес, үкіметтік емес, әйелдер және жастар ұйымдары өкілдерінің кездесулерін тұрақты өткізу тәжірибесін енгізу қажет. Бұл АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін болады. Бұдан басқа, өткізілетін іс-шаралар Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы АӨСШК беделі мен рөлін арттыруға бағытталуы тиіс. 2.4. Сыртқы байланыстарды кеңейту Қазақстан төраға ретінде 2007 ж. АӨСШК Сыртқы байланыстары туралы Ережесіне сәйкес халықаралық және өңірлік ұйымдармен және форумдармен диалогты нығайтуды жалғастыратын болады. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында АӨСШК БҰҰ жанындағы бақылаушы мәртебесін алды. Басқа ұйымдармен байланысты дамыту мақсатында АӨСШК Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ), Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен (ЭЫҰ) және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ) өзара түсіністік туралы меморандумдарына қол қойды. Қазақстан 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған «Үш Д» бастамасы шеңберінде үш деңгейлі және көп өлшемді диалогты дамытуға басым назар аударатын болады. Алдағы екі жылдық кезеңде қазіргі геосаяси нақтылықта соншалықты қажет болатын әлемдік державалар, өңірлік субъектілер мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа жаһандық архитектурасының тұжырымдамасын дамыту жалғасатын болады. Бұл ретте АӨСШК пен ЕҚЫҰ өз мандаттары мен мақсаттарын келісу мақсатында тығыз ынтымақтаса алатын Еуразиялық субконтинентке назар аударылатын болады. АӨСШК үшін БҰҰ-мен ынтымақтастықтан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ), Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ), Түркі кеңесі, Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалог (АЭД), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), Оңтүстік Азиядағы өңірлік ынтымақтастық қауымдастығы (СААРК), Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі (ПШАМЫК), Араб мемлекеттерінің лигасы (АМЛ) және т. б. сияқты ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту маңызды. Осы халықаралық құрылымдармен ынтымақтастық Еуразиядағы қауіпсіздікті нығайту және тұрақты даму жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды одан әрі кеңейтуге ықпал ететін болады. Аталған ұйымдар мен форумдар жеке өңірлік және саяси күн тәртібін көздейтініне қарамастан, олар АӨСШК басшылыққа алатын БҰҰ қағидаттары шеңберінде әрекет етеді. Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы теңізге шыға алмайтын Дамушы елдер тобындағы төрағалықпен тұспа-тұс келуде, демек, АӨСШК құрамына кіретін аталған дамушы мемлекеттер мүшеліктен қосымша пайда алады. 2.5. АӨСШК Хатшылығының әлеуетін нығайту АӨСШК Хатшылығының рөлін, бірінші кезекте, оның кадрлық әлеуеті мен қаржылық тұрақтылығын нығайту арқылы одан әрі күшейту маңызды болып табылады. Хатшылық АӨСШК қызметін әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде тиімді жұмыс жүргізуі тиіс. Арнайы жұмыс тобының (АЖТ), Жоғары лауазымды тұлғалар комитетінің (ЖЛТК), Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Саммиттер отырыстары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі Хатшылықтың жұмысын күшейтуге ерекше назар аударылатын болады. Бұдан басқа, Қазақстан АӨСШК-ның Хатшылығы туралы ережесіне АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директорының мәртебесін АӨСШК-ның Бас хатшысына дейін арттыру мақсатында, «кәсіби құрамның мүшесі» лауазымын саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі «кеңесшілер» етіп өзгерту, сондай-ақ Хатшылықтың кәсіби және техникалық персоналының құрамындағы Азияның барлық субөңірлерінің өкілдігін қамтамасыз ету үшін өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. 2.6. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру Қазақстан төрағалығының ерекше назары Азия континентінің жан-жақты, тең және бөлінбейтін қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында пәрменді институттар мен тетіктер құру мақсатында АӨСШК-ның нормативтік-құқықтық базасын одан әрі дамытуға аударылатын болады. Қорытынды АӨСШК-ні одан әрі институционалдық дамыту қазіргі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, барлық мүше мемлекеттермен оны мұқият пайымдауы мен талқылауын талап етеді. Қазақстан АӨСШК-ның төрағасы ретінде Форумның қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша диалогқа, сондай-ақ АӨСШК-ні одан әрі дамыту жөніндегі мүше мемлекеттердің ұсыныстары мен идеяларын талқылауға ашық болады. Қазақстан Азиядағы қауіпсіздіктің тиімді архитектурасын тек бірлескен іс-қимылдармен ғана құруға болатындығын негізге алады. Осыған байланысты біз барлық мүше мемлекеттердің АӨСШК үдерісін ілгерілетуге белсенді қатысуын қолдаймыз. Бұл шаралар АӨСШК мақсаттарына неғұрлым кең халықаралық қоғамдастық шеңберінде шынайы көпжақты құрылым ретінде қол жеткізуге ықпал етеді деп үміттенеміз. Біздің берік батылдығымыз Азиядағы бейбітшілікті, даму мен өркендеуді қамтамасыз ету игілігі үшін ағымдағы дағдарыстар мен сын-қатерлерді бірлесіп тиімді еңсеруге бағытталуы тиіс.
Кіріспе Біз, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттердің мемлекет немесе үкімет басшылары, Азиядағы қауіпсіздікке қатысты біздің көзқарасымызды салыстыру және біздің халықтарымыздың ортақ алаңдаушылығын тудыратын мәселелер жөніндегі ынтымақтастыққа мүмкіндіктерімізді кеңейту үшін Алматыда Азияда және әлемде болып жатқан шексіз өзгерістер кезеңінде кездесе отырып; Азиядағы және әлемнің басқа да өңірлеріндегі бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық арасындағы тығыз байланыстың бар болуын мойындай отырып; Оны диалогқа және ынтымақтастыққа арналған ашық аймаққа айналдыру арқылы, Азиядағы бейбітшілікке және қауіпсіздікке жұмыс істеуге міндеттене отырып; АӨСШК процесі Азиядағы ынтымақтастық, бейбітшілік және қауіпсіздік үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатынын негізге ала отырып; Ондағы барлық мемлекеттер бейбіт қатар өмір сүретін, ал олардың халықтары бейбітшілік, бостандық және өркендеу жағдайында өмір сүретін бейбітшілік, қауіпсіздік және даму бағытында бір-бірін толықтырады, нығайтады және күшейтеді деген сенімге толы Азиядағы қауіпсіздіктің ортақ және бөлінбейтін кеңістігін қалыптастыруға біздің бел байлағанымыз туралы мәлімдей отырып; Біздің БҰҰ Жарғысына, сондай-ақ осы Актінің ажырамас бөлігі болып табылатын АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттардың декларациясына біздің болашақ ынтымақтастығымыздың іргетасы ретінде бейілділігімізді растай отырып; Оның әскери-саяси аспектілерін, сенім шараларын, экономикалық және экологиялық проблемаларын, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты қоса алғанда Азиядағы қауіпсіздіктің жан-жақты жүйесінің барлық құрамдас бөліктері өзара тәуелді және өзара байланысты және белсенді түрде жұмылдырылуы тиіс дегенді назарға ала отырып; Осы Актіге енгізілген толық, тең және жан-жақты іске асыру және қағидаттарды, ережелерді және міндеттемелерді сақтау АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы неғұрлым терең ынтымақтастыққа жағдай жасайтынына және біздің халқымызды лайықты жарқын болашаққа жетелейтініне сенімді бола отырып; Төмендегілер туралы уағдаласты: I. Қауіпсіздік және ынтымақтастық АӨСШК қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудің көпжақты тәсілдерін әзірлеу арқылы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мүше мемлекеттер осы мақсатқа қол жеткізу үшін Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер жөніндегі консенсус негізінде шешімдер қабылдауға және шараларды жүзеге асыруға бағытталған диалогта, консультацияларда форум ретінде АӨСШК процесін дамыту жөнінде қажетті қадамдар жасайды. Біз жанжалдарға тартылған барлық мүше мемлекеттерді БҰҰ Жарғысында көзделген қағидаттарға сәйкес оларды бейбіт жолмен реттеуге шақырамыз және шақыруды жалғастырамыз. Сауданы және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту Азиядағы өркендеуге, тұрақтылыққа және оның халқының игілігіне жәрдемдесуі мүмкін екенін мойындай отырып, біз АӨСШК-ге мүше мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін қағидаттар декларациясында көрсетілгендей, осы салалардағы бастамаларды ілгерілету үшін бұдан әрі күш-жігер жұмсаймыз. Сондай-ақ, біз қоршаған ортаға қауіп төндіретін барлық мәселелер жөніндегі ынтымақтастықты жақсарту қажеттілігін мойындаймыз. Мүше мемлекеттер БҰҰ Жарғысына, халықаралық конвенцияларға және өздері тараптары болып табылатын актілерге сәйкес адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды қорғау Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне өздерінің сенімдерін растайды. Олар сондай-ақ достық рухында осы саладағы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін мәлімдейді. Табиғи апаттар мен босқындар ағындары сияқты гуманитарлық мәселелер жалпы алаңдаушылық тудырады деп санаймыз, өйткені олар аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке де әсер етеді. Мүше мемлекеттер қажет болған жағдайда өңірде ынтымақтастық орнату, сондай-ақ БҰҰ-мен және басқа да тиісті халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасау арқылы осы мәселелерді шешуге арналған шараларды әзірлеуге бел буады. Өркениеттер арасындағы қарым-қатынаста өзара құрмет, өзара түсіністікті және төзімділікті нығайту біздің заманымыздың маңызды міндеті деп санаймыз. Мыңжылдықтың бірінші жылының «Өркениеттер арасындағы диалог жылы» ретінде жариялануын ризашылықпен атап өте отырып, біз бұл процесті белсенді түрде насихаттаймыз және оны нығайтамыз. Біз жаһандануды қазіргі заманның шақыруы ретінде қарастырамыз. Ол өсу мен дамудың белгілі бір мүмкіндіктерін ұсына алатын болса да, қазіргі кезеңде оның жемістері халықтар арасында біркелкі бөлінбейді және оларды жаһандық деңгейде жан-жақты және тең бөлуді қамтамасыз ету үшін әлі де атқаратын істер баршылық. Бірлескен іс-қимылдар және үйлестірілген жауап шаралары біздің елдеріміз бен халқымыздың тап болатын сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлерін еңсеру үшін қажет. Қауіпсіздік сын-қатерлері Мүше мемлекеттер өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылады, бұл қазіргі дағдарыстық жағдайлардың және жанжалдардың бейбіт жолмен реттелуіне және жаңа туындауының алдын алуға ықпал ететін болады. Химиялық және биологиялық қарулар сияқты ядролық қарудың барлық аспектілерінде сақталуы және таралуы бүкіл адамзатқа елеулі қауіп төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруын (ЖҚҚ) толық жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уәде береді және осылайша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіретін ядролық қаруды қоса алғанда, барлық осындай қарудың таралуына жол бермеу ісінде ынтымақтастықты кеңейту жөнінде өзіне міндеттеме алады. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуымен халықаралық қоғамдастық ядролық қарусыздануды ең басым міндет ретінде қарастыруға мүмкіндік алды. Біз барлық мемлекеттерді ядролық қатерді жою жолдарын айқындау және жан-жақты қамтылған және бақылауға жататын ядролық қару жөніндегі конвенцияны әзірлеу жөніндегі халықаралық конференцияны шақыру мүмкіндіктерін қоса алғанда, осы мақсатқа қол жеткізуге барынша ұмтылуға шақыратын боламыз. Біз көп жақты негізде әзірленген ЖҚҚ жою жөніндегі уағдаластықтарға жедел қосылудың маңыздылығын атап көрсетеміз және осы уағдаластықтарға әлі қосылмаған мемлекеттерді мұны мүмкіндігінше тезірек жасауға шақырамыз. Біз осы өңірдегі мемлекеттер арасында ерікті түрде қол жеткізілген келісімдер негізінде Азияда ядролық қарудан және ЖҚҚ-ның басқа да түрлерінен азат аймақтар құруды қолдаймыз. БҰҰ Бас Ассамблеясының консенсус негізінде қабылданған қарары бар Таяу Шығыс және Орталық Азия сияқты өңірлерде осындай аймақтар құруды көтермелеу қажет. Осы тұрғыда біз БҰҰ қарарларының консенсусы негізінде осы мәселелер бойынша қабылданған барлық ережелерге және мүдделі мемлекеттердің осы қарарларды орындау жөніндегі ұстанымдарына сәйкес қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық шарттарға қосылуға шақырамыз. Мүше мемлекеттер қару-жарақ пен қарулы күштердің ең төменгі деңгейінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне өздерінің сенімдерін растайды. Біз кәдімгі қару-жарақтың шамадан тыс және тұрақсыздандыратын жинақталуын болдырмау қажеттілігін мойындаймыз. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін халықаралық стратегиялық тұрақтылықты сақтаудың, сондай-ақ қару-жарақтарды және қарусыздануды бақылаудағы ілгерілеуді жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеміз. Біз ашық кеңістікте қару жарысының алдын алу мәселесі жөніндегі көпжақты келіссөздер жүргізудің маңыздылығын атап өтеміз. Біз күш қолданудың немесе оны БҰҰ Жарғысын және мемлекеттердің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы халықаралық құқықты бұза отырып қолданудың тікелей немесе жанама қатері; шетелдік оккупацияланған халықтардың өзін-өзі анықтау құқығынан бас тарту (БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес жүзеге асырылуы тиіс құқық); мемлекеттердің ішкі істеріне араласу және шабуылды стратегиялық доктриналар өңірлік және халықаралық әлемге қауіп төндіреді деп санаймыз. Мүше мемлекеттер терроризмді оның барлық нысандары мен көріністерінде сөзсіз және біржақты айыптайды, сондай-ақ оның қолдауын немесе үнсіз мойындауын, сондай-ақ терроризмді тікелей айыптай алмайтындығын айыптайды. Соңғы онжылдықта терроризмнің қаупі артып келеді. Терроризм оның барлық нысандарында жекелеген адамдар мен халықтардың өміріне трансұлттық қатер болып табылады және мемлекеттердің аумақтық тұтастығына, бірлігіне, егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Терроризм қаупі оның есірткінің заңсыз айналымымен, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатумен және оны террористік топтарға кез-келген түрде берумен, нәсілшіл идеологиялармен және сепаратистік ұйымдармен, оның барлық нысандарындағы экстремизммен тығыз байланысының нәтижесінде артып келеді, бұл адам ресурстарымен террористік қызметті қаржыландырудың және толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Біз терроризмнің кез келген қылмыстық актілерін, әдістері мен тәсілдерін қарастырамыз, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте, оның ықтимал көздерін қоса алғанда, екіжақты және көпжақты негізде өзара іс-қимыл жасауға бел буғанымызды мәлімдейміз. Бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген осы қатерді жою мақсатында біз кез келген мемлекеттің аумағында терроризмді дайындауға, оған жәрдемдесуге, насихаттауға және қаржыландыруға жол бермеу жөніндегі күш-жігерімізді өсіріп, біріктіретін боламыз және террористерге пана мен қорғаныш беруден бас тартамыз. Біз БҰҰ Конвенцияларының орындалуы терроризм мәселелерін шешуге ықпал ететінін мойындаймыз және жан-жақты қамтылған Халықаралық терроризм жөніндегі конвенцияның әзірленуін қолдаймыз. Сепаратизм – мемлекеттердің қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, егемендігіне, бірлігіне және аумақтық тұтастығына негізгі қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Мүше мемлекеттер басқа мүше мемлекеттің аумағында кез келген сепаратистік қозғалыстар мен ұйымдарды қолдамайды және, егер олар пайда болса, онда олармен саяси, экономикалық және басқа да қатынастар орнатпайды, мүше мемлекеттердің аумақтары мен коммуникацияларын жоғарыда аталған қозғалыстар мен ұйымдардың пайдалануына мүмкіндік бермейді немесе оларға қандай да бір экономикалық, қаржылық және басқа да қолдау көрсетпейді. Біз шетелдік басқыншылық жағдайында өмір сүретін халықтардың БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес өзін-өзі анықтау құқығын растаймыз. Біз террористік және сепаратистік қозғалыстардың және топтардың өз мақсаттарына жетуі үшін сылтау ретінде дінді қолданудан бас тартамыз. Біз сондай-ақ экстремизмнің барлық нысандарын қабылдамаймыз және елдеріміз бен халқымыз арасындағы төзімділікке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізетін боламыз. Есірткінің заңсыз айналымы мемлекеттеріміздің және тұтастай алғанда біздің құрылығымыздың ішкі және халықаралық тұрақтылығына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ халқымыздың әл-ауқатына елеулі қатер төндіреді. Бұл мәселе кейбір өңірлерде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдаймен, бүкіл әлемдегі лаңкестік әрекеттермен және трансұлттық қылмысқа, «ақшаны жылыстатуға» және жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға қатысқан халықаралық қылмыстық топтармен тығыз байланысты. Біз Азияда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес тұрғысында халықаралық қоғамдастық тарапынан бірінші кезекте назарды және көмекті талап ететін бірнеше ел бар екенін мойындаймыз. Біз сондай-ақ есірткі заттарының өндірісін, ұсынысы мен сұранысын қысқартуға бағытталған тиімді стратегияның қажеттілігін мойындаймыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Осы міндеттерді іс жүзінде орындауға жәрдемдесу мақсатында көпұлтты оқу курстары мен семинарлар, сондай-ақ мүше мемлекеттердің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасу ұйымдастырылатын болады. Біз сондай-ақ негізгі тұтынушы елдерді есірткі тасымалдау үшін өндіруші және транзиттік дәліз болып табылатын Азия елдеріне жабдықтарды ұсынуда, дайындық және білім беру курстарын ұйымдастыруда, оңалтуда, техникалық және қаржылық көмек көрсетуде неғұрлым белсенді рөл атқаруға шақырамыз. Осыған байланысты біз күмәнді қаржы ағымдарын қадағалауда, оның ішінде қазіргі халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес банк операцияларының кірістері мен ашықтығына қатысты мәселелер бойынша, есірткіні өндіру, тұтыну және заңсыз айналым көздерін айқындауда ынтымақтасатын боламыз. Есірткі өндіретін Азия өңірлерінде өсімдік дақылдарын алмастыру жөніндегі жоспарларды және дамудың баламалы стратегияларын қабылдау және орындау есірткінің заңсыз айналымынан туындайтын қатерлерге неғұрлым тиімді қарсы іс-қимыл ретінде көтермеленуге тиіс. Біз сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты үйлестірілген көпжақты шаралар қабылдауды талап ететін трансұлттық қылмыстық әрекет ретінде қарастырамыз. Осыған байланысты біз заңсыз қаржы құралдарының және жағдайлардың орын ауыстыруына тыйым салу қажеттілігін, сондай-ақ осындай активтерді анықтау және репатриациялау жөніндегі кеңейтілген халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтеміз. Мүше мемлекеттер жеңіл атыс қаруын заңсыз тарату бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретінін және террористік іс-әрекетке, сепаратистік қозғалыстарға, есірткінің заңсыз айналымына және қарулы қақтығыстарға тікелей байланысты екенін мойындайды. Осы тұрғыда біз БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы және 2001 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның жеңіл және атыс қаруын заңсыз сату жөніндегі конференциясында қабылданған іс-қимыл бағдарламалары аясында әзірленген Атыс қаруы туралы хаттаманың мағынасын атап өтеміз. Біз Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін осындай қатерлердің алдын алу үшін екіжақты және көпжақты негізде бір-бірімізбен ынтымақтасуға нақты ниеттіміз. III. Сенім шаралары АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу тұрғысында біз ынтымақтастықты кеңейтуге және бейбітшілік, сенім және достық атмосферасын құруға бағытталған шараларды әзірлеу және қолдану жөніндегі қажетті қадамдарды жасайтын боламыз. Мұндай шаралар БҰҰ Жарғысының, АӨСШК-ның және халықаралық құқықтың қағидаттарына сай келуі тиіс. Біз өз қызметімізде Азияның әртүрлі өңірлерінің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеріп, оны біртіндеп және ерікті негізде жүргізетін боламыз. Біз өңірдің аумақтық даулары бар барлық мемлекеттерін БҰҰ Жарғысының қағидаттарына және халықаралық құқыққа сәйкес келіссөздер арқылы оларды бейбіт жолмен шешуге күш-жігер жұмсауға шақырамыз. Біз аумақтық және басқа дауларды шешу және қару-жарақты бақылау жөніндегі келісімдерді орындау нақты жағдайларға байланысты сенім шараларын жүзеге асыруға ықпал етуі мүмкін екенін мойындаймыз. Екінші жағынан, біз сенім шараларын жүзеге асыру нақты жағдайларға байланысты жанжалдарды шешуге және қару-жарақтарды бақылау жөніндегі келісімдерге қол жеткізуге қолайлы жағдай туғызуы немесе жасауы мүмкін екенін мойындаймыз. Қарусыздану мен қару-жарақтарды бақылау, жаппай қырып-жою қаруын жоюға қатысты барлық халықаралық шарттық актілердің әмбебаптығы, таратпауды ілгерілету өңір мемлекеттері арасындағы сенімді нығайту үшін маңызды екенін мойындаймыз. Біз тиісті халықаралық шарттарға қол қойған мемлекеттер ретіндегі біздің жағдайымыз осы уағдаластықтардың ережелеріне сәйкес бейбіт мақсаттар үшін зерттеулер жүргізуге, ядролық технологияларды, химиялық және биологиялық материалдарды және жабдықтарды өндіруге және пайдалануға осы шарттардың барлық қатысушыларының ажырамас құқығына әсер етуге қабілетті ретінде түсіндірілмейтіндігін растаймыз. Біз ядросыз мемлекеттерге қауіпсіздіктің теріс кепілдіктерінің маңыздылығын растаймыз және орындалуы міндетті халықаралық-құқықтық құжат нысанын қабылдай алатын осы бағыттағы кейінгі қадамдарды қарастыруға дайынбыз деп мәлімдейміз. Мүше мемлекеттер өзара келісім негізінде «АӨСШК сенім шаралары каталогын» әзірлейді және біртіндеп оларды жүзеге асыруға кіріседі. Үнемі қайта қаралатын және одан әрі пысықталатын Каталог, басқалармен қатар, әскери-саяси, экономикалық, экологиялық, гуманитарлық және мәдени салалардағы іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. IV. АӨСШК-ның құрылымы және институттары Жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін біз АӨСШК-ге қажетті құрылымды және институттарды беруді шештік, олар негізінен мыналарды қамтиды: Тұрақты кездесулер Мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесулері консультациялар өткізу, АӨСШК қызметіне шолу жасау және оның басым бағыттарын айқындау үшін әрбір төрт жыл сайын шақырылатын болады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін. Саммиттер алдында сыртқы істер министрлерінің кездесулері өтеді. Сыртқы істер министрлері екі жылда бір рет кездесулер өткізеді. Мұндай кездесулер консультациялар өткізу және АӨСШК қызметіне қатысты барлық мәселелерді қарау үшін негізгі іс-шаралар болып табылады. Қажет болған жағдайда консенсус негізінде арнайы кездесулер шақырылуы мүмкін. Аға лауазымды тұлғалар комитеті АӨСШК-нің алдыңғы шешімдерінің орындалуын бақылау, АӨСШК-нің ағымдағы мәселелері бойынша консультациялар жүргізу, Арнайы жұмыс топтарының қызметін қарау және басқа да кездесулердің жұмысын үйлестіру үшін жылына кемінде бір рет шақырылады. Комитет сондай-ақ құжаттар жобаларын әзірлеуді қоса алғанда, саммиттер мен министрлік кездесулерін ұйымдастыруға қажетті әзірлемелерді жүзеге асыратын болады. Арнайы жұмыс топтары АӨСШК мүдделерінің әртүрлі салаларына жататын ерекше мәселелерді зерделеу үшін құрылады және оларға тапсырылатын міндеттерді орындайтын болады. Олар өз жұмыстары туралы есептерді Аға лауазымды тұлғалар комитетіне ұсынатын болады. Мамандандырылған кездесулер Мүше мемлекеттер ерекше және/немесе техникалық сипаттағы мәселелерді талқылау үшін басқа министрлердің не құзыретті ұлттық ведомстволар мен ұйымдардың кездесулерін шақыру туралы уағдаласа алады. Ғылыми және кәсіби қызмет Қажет болған жағдайда ғылыми және кәсіби зерттеулер жүргізу және баяндамалар дайындауға мүмкіндік, сондай-ақ егер АӨСШК-нің тиісті шешімі болса, оларды одан әрі жариялауға жәрдемдесу ұсынылатын болады. Хатшылық Осы Актіде айтылған тұрақты кездесулерге, саяси консультацияларға және басқа да қызметтерге әкімшілік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында біз АӨСШК Хатшылығын құруды қолдаймыз. Біз Сыртқы істер министрлеріне Хатшылықты құрудың барлық аспектілерін пысықтауды аяқтау жұмыстарын тапсырамыз.
АӨСШК СЕНІМ ШАРАЛАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер, Азия континентіндегі ынтымақтастықты кеңейту, бейбітшілік, сенім және достық атмосфераны құру және нығайту мақсатында, БҰҰ Жарғысының, Алматы актісі мен АӨСШК-нің басқа да құжаттарының қағидаттары мен мақсаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормалары мен қағидаттарына сәйкес әрекет ете отырып, Азияның әртүрлі өңірлеріндегі ахуалдың ерекшелігі мен өзгешеліктерін ескере отырып, Азия континентінде сенімді нығайтуға әкелетін мынадай қағидаттар мен шараларды, және оларды екіжақты және/немесе көпжақты негізде практикада іске асыруға келісті. Жалпы ережелер 1.1. Мүше мемлекеттер, бір жағынан сенім шаралары, екінші жағынан дауларды бейбіт жолмен реттеу және қару - жарақ пен қарусыздануды бақылау жөніндегі келісімдерді орындау, бір-бірін толықтыратынын және ерекше жағдайларға байланысты өзара келісім бойынша мүдделі мемлекеттермен қатар қолданылуы мүмкін екенін мойындайды. 1.2. Азиядағы алуантүрлілік әскери-саяси өлшемдердегі шаралардың, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі шаралардың маңыздылығын көрсетеді. 1.3. АӨСШК сенім шаралары біртіндеп және ерікті түрде жүзеге асыру негізінде қолданылады. АӨСШК сенім шараларының каталогы және онда көрсетілген шаралар ұсынымдық сипатта болады. Мүше мемлекеттердің кез келгені орынды және оның мақсаттарына сәйкес келетін жерде қолдану үшін осы каталогта белгіленген белгілі бір шараларды таңдай алады. Мүше мемлекеттер таңдаған шаралар адал және мүмкіндігінше толық іске асырылуы тиіс. 1.4. Каталогтың сенім шаралары басқа сенім шараларына, қауіпсіздік жөніндегі келісімдерге және/немесе қатысушы мүше мемлекеттер арасындағы қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі уағдаластықтарға залал келтірмейді және осы шаралар мен келісімдер және/немесе уағдаластықтар бойынша құқықтар мен міндеттерді өзгертпейді. 1.5. Бұл каталог мүше мемлекеттер арасында немесе басқа мемлекеттермен сенім шараларын қабылдауына ештеңе кедергі келтірмейді. 1.6. Мүдделі мүше мемлекеттер олардың арасында келісілген сенім шараларына сәйкес ақпарат алмасуы мүмкін. Олар сондай-ақ осы ақпаратты одан әрі тарату үшін АӨСШК хатшылығына жіберуді алдын ала қарастыруы мүмкін. 1.7. Осы каталогтың ережелеріне сәйкес ақпарат алатын мүше мемлекет басқа мүше мемлекеттердің келісімінсіз берілген ақпаратты жариялай, тарата немесе үшінші тарапқа бере алмайды. Мүше мемлекеттер АӨСШК өңірінде неғұрлым кеңінен жүзеге асыру мақсатында сенім шараларының тиімділігін және қолайлығын айқындау және қажет болған жағдайда бәтуаластықпен осы сенім шараларына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін каталогтың іске асырылуына шолу жүргізіп отырады. 2.Әскери-саяси өлшемдегі сенім шаралары Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етіп, әскери-саяси өлшемде өзара сенімді нығайту үшін мүше мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы өздерінің заңды мүдделерін ескере отырып, мынадай шараларды қабылдай алады: 2.1. Ақпарат алмасу, көлемі, модальдылық және оны іске асырылу мүмкіндігіне мүдделі мүше мемлекеттердің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай мәселелер бойынша келісіледі: а) қарулы күштердің құрамдастары; b) қорғаныс бюджеттері; c) мүше-мемлекеттердің аумақтарында шетелдік әскери контингенттің болуы, егерде мұндай ақпаратты ашуға осындай контингентті орналастыратын ел рұқсат берсе; d) шетелдік әскери контингенттердің қатысуымен оқу-жаттығулар және жоспарланатын әскери іс-қимылдар туралы хабардың модальдылығы мен параметрі мүдделі мүше мемлекеттермен келісіледі. 2.2. Мүше мемлекеттер елдерінен байқаушыларды әскери оқу-жаттығуларға шақыру. 2.3. Қауіпті және тосын әскери сипаттағы оқыс оқиғалар мүше мемлекеттердің шекара маңындағы аудандарына тікелей жақын жерде орын алса, констультация секілді тетіктерді пайдалануды қарастыру. 2.4. Мүше мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықтың мынадай нысандарын дамыту: а) әскери лауазымды адамдар мен әскери оқу орындары өкілдерінің өзара іс-сапарлары; b) ұлттық мерекелерге, мәдени және спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзара шақыру; с) әскери ведомстволардың басшы құрамының өмірбаяндық деректері туралы ақпарат алмасу; мүше мемлекеттермен келісілген ынтымақтастықтың басқа да нысандары. 2.5. Олардың қатысу мәртебесі туралы ақпарат алмасу немесе қару-жарақты бақылау және қарусыздану жөніндегі көпжақты құралдарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігі туралы конвенцияларды ратификациялау. Жаңа сын-тегеуріндер мен қауіптерге күрес 3.1. Мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес терроризмнің барлық нысандары мен көріністерінің жолын кесу және әрбір мүше мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сепаратистік және экстремистік ұйымдар іс-әрекеттерінің алдын алу бойынша бірлескен шаралар қабылдайды. 3.2. Мүше мемлекеттер террористік, сепаратистік, экстремистік әрекетке және ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес туралы ақпарат алмасады және қажет болған жағдайда олардың іс-әрекеттеріне қарсы күрестің тетіктерін әзірлейді. Осы мақсатта мүше мемлекеттер құқық қорғау саласындағы өздерінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасып, осы органдар арасында байланыстар орнатуға және нығайтуға жәрдемдесуі мүмкін. 3.3. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жою қаруы мен оларды жеткізу құралдарының таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақпарат алмасудағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде шаралар қолдана алады. 3.4. Мүше мемлекеттер есірткі трафигіне, адам саудасына, ақшаны жылыстатуға, трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа, тасымалданатын зениттік-зымырандық кешендерді (ҚРҮҚ) қоса алғанда, жеңіл атыс қаруын заңсыз сатуға, сондай-ақ жарылғыш заттар мен уландырғыш материалдардың контрабандасына қарсы күрес үшін қабылдайтын шаралар туралы ақпарат алмасады. 3.5. Мүше мемлекеттер терроризм және ұйымдасқан қылмыс жөніндегі тиісті халықаралық-құқықтық құралдарға қосылу немесе оларды ратификациялау мәртебесі туралы, сондай-ақ олардың терроризм мен оның барлық нысандары мен көріністеріне қарсы күресті кеңейту үшін қабылдаған қадамдары және БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқыққа сәйкес ұйымдасқан қылмыс туралы ақпарат алмасады. Экономикалық, экологиялық және адами өлшемдердегі сенім шаралары Мүше мемлекеттер экономикалық, экологиялық және адами өлшемдерде өзара сенімді дамыту мен нығайту мақсатында өздерінің ұлттық заңдары мен қағидаларына сәйкес мынадай шараларды қабылдай алады: 4.1. Сауда және экономика салаларында жалпы деректер базасын және ақпарат алмасу жүйесін құру. 4.2. Тиісті екіжақты және көпжақты құралдар бойынша олардың құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмей, қоршаған ортаны, әсіресе шекара маңындағы аудандарды қорғау жөніндегі жалпы бағдарламаларды әзірлеу және қолдану. 4.3. Олардың пікірінше, көрші елдерге зиян келтіруі мүмкін өз аумақтарындағы табиғи және өнеркәсіптік апаттар туралы ақпарат алмасу. 4.4. Халықаралық туризм мен туристік инфрақұрылымды дамытуға жауапты өзінің ұлттық ведомстволары туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ осы органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдемдесу. 4.5. Күдікті қаржылық мәмілелерге, заңсыз қаржылық операцияларға қатысты ақпарат алмасу және құзыретті органдар арасындағы байланыстарды орнатуға және нығайтуға жәрдем көрсету. 4.6. Осы ведомстволар арасында байланыс орнату және нығайту мақсатында өздерінің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық ведомстволары, іздестіру–құтқару операциялары туралы ақпарат алмасу. Қажет болған жағдайда, мүше мемлекеттер төтенше жағдайлар мен құтқару операциялары саласындағы өзара іс–қимылды ұйымдастыруға және табиғи катаклизмдер мен төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету жүйесін құруға жауапты үйлестіру органын айқындайды. 4.7. Өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері туралы ақпаратты таратуға, халықтар арасындағы өзара құрмет пен тату көршілік қатынастарды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру. 4.8. Ғылыми және білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды дамыту, соның ішінде ғылыми тәжірибелік алмасулар, студенттердің академиялық алмасуы, АӨСШК мақсаттарына қол жеткізу үшін ұсыныстар мен жобалар әзірлеу мақсатында бірлескен іс-шаралар өткізу. 4.9. Өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты дамыту. Алматы, 22 қазан 2004 жыл