Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының атаулы және маңызды күндері шеңберінде тұрақты негізде ғылыми-зерттеу және білім беру, кітапхана ісі, сонымен қатар тақырыптық іс-шараларды өткізу салаларында өзара әрекеттесу жүзеге асырылады.

Қазақстан және Италия арасында білім беру саласында жасалған келісімдер шеңберінде студенттермен алмасу бағдарламалары бойынша белсенді ынтымақтастық жалғасуда (Ла Сапиенца, Салерно және Феррара университеттері).

Қазақстанның академиялық ұтқырлық саласында Сильвио Д'Амико атындағы Ұлттық драма өнері академиясымен және Флоренция қаласының Көркем өнер академиясымен бірлесе серіктестік дамып келеді.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы шеңберінде, Елшілік ұлы ойшылдың «Қара сөздері» мен поэмаларын итальян тіліне аудару мәселесін пысықтады. Сондай-ақ Елшілік ғимаратында «Абай ақпараттық-мәдени орталығы» ашылды.

Бұдан басқа, Амброзиан кітапханасында (Милан қ.) және «Ка Фоскари» университетінде (Венеция қ.) Қазақстандық мәдениет пен әдебиет орталығы, және де Қиыр Шығыс бойынша зерттеу орталығы жұмыс істейді, ол өз кезегінде Орталық Азия және Қазақстан мәдениеті туралы зерттеулерді алға жылжытуда.

Елшілік Италияның орталық және солтүстік-шығыс бөліктерінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қазақтардың жаңа жерлеу орындарын анықтау бойынша Қ.Сәтпаев атындағы университеттің Ғылыми-зерттеу тобы қызметкерлеріне Кешенді экспедицияны өткізуге көмектесті.

Елшіліктің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті мен «Teatro sociale di Camogli» (Генуя қ.) театры арасындағы екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мәселесі пысықталды. Құжаттың мақсаты - бірлескен білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Соның ішінде, студенттер мен оқытушылармен алмасу, қос диплом немесе бірлесіп оқыту бағдарламасы, бірлескен зерттеу қызметі, тілдік дайындық бағдарламасы, сондай-ақ мәдени іс-шараларға қатысу.

Дата публикации
05 февраля 2020
Дата обновления
05 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
09 сентября 2026
Италияға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған ақпарат
Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу
Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Telegram
Twitter
Facebook
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары