|
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері |
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтін» веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал); 2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күні |
|
4 |
Көрсету нысаны мемлекеттік қызмет көрсетудің |
Электрондық / қағаз |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк; осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық / қағаз түрінде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін консулдық алым «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) және «Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) сәйкес мөлшерлемелер бойынша жүзеге асырылады. Консулдық алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда немесе «электрондық үкіметтің» төлеу шлюзі арқылы жүзеге асырылады. |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) жеке тұлғалар үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын анықтау үшін); кемеге меншік құқығын растайтын құжат; кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат; өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін); консулдық алымның төленгенін растайтын құжат. 2) заңды тұлғалар үшін: белгіленген тәртіппен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқа ұсынылады); заңды тұлғаның атынан әрекет етудің өкілеттігін растайтын құжат; кемеге меншік құқығын растайтын құжат; кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттің билiк орындары берген кеменің осы мемлекеттің кеме тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын (егер мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) құжат; өлшем куәлігі; сыныптау куәлігі; жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін); консулдық алымның төленгенін растайтын құжат – 45 еуро. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған жағдайларда. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында көрсетілген: 1414. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі порталдың «жеке кабинет», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болса портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар. |