Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама. 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме). 

- Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

- Портал арқылы жүгінген уақытта - 1 (бір) жұмыс күні.

- Егер келісуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет келісім алғаннан кейін 1 жұмыс күннің ішінде ұсынылады (көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жүгінген уақытта).

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 75 еуро;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 170 еуро;

– туристік бір мәртелік виза – 50 еуро;

– туристік көп мәртелік виза – 80 еуро;

– транзиттік бір мәртелік виза – 15 еуро;

– транзиттік көп мәртелік виза – 80 еуро;

күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін

сенім телефонына хабарласыңыз: (+39) 06 363 084 76 және/немесе E-mail: consul.roma@mfa.kz.

Дата публикации
22 апреля 2024
Дата обновления
22 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
09 сентября 2026
Италияға келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған ақпарат
Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеу
Ақпарат
26 мая 2025
Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету

Социальные медиа

Telegram
Twitter
Facebook
Instagram
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары