|
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі 2020 жылғы 12 мамыры № 11-1-4/149 |
|
бұйрығымен бекітілген |
«Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарының паспорттар жасауға жіберу және олардың паспорттарына қажетті жазбалар енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылыҚазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерделерде тұрақты тұратын;
2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын;
3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
4) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтімжасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдарға көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш және келесі құжаттарды ұсынады:
1) туутуралыкуәлік (16 жасқатолмаған бала паспорт алғанкезде) жәнебаланыңазаматтығынрастауүшіната-анасыныңбіреуініңжекебасынкуәландыратынқұжат.
Шетелдік ата-анасынанбаланыңҚазақстанРеспубликасыазаматыныңжекебасынкуәландыратынқұжаттардыалуғанотариалдырасталғанөтініш-келісімі (бала ҚазақстанРеспубликасынантысжердетуғанжәнеата-анасыныңазаматтығыәртүрліболғанжағдайда, олардыңбіреуі бала туғанкездеҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығындаболғанжәне осы уақыттаата-анасыныңекеуі де ҚазақстанРеспубликасынантысжердетұрақтытұрғылықтыжеріболғанжағдайда);
2) Қазақстан Республикасыазаматыныңпаспорты (паспорттыауыстырғанкезде);
3) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түстітөрт фотосурет (фотосуреттерқұжаттыресімдеукезіндегікөрсетілетінқызметтіалушыныңжасынасәйкескелуіжәнеқатаңтүрдежарықжерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпетіфотосуреттіңжалпыауданының 75%-ғажуығыналатынболуытиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығаруәдісіменорындалады. Компьютерліксканерлеу, модельдеунемесексерокөшірмеәдісімендайындалғансуреттердіпайдалануғажолберілмейді);
4) ҚазақстанРеспубликасыныңазаматыалғашрет паспорт алғанкезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғыүлгідегі паспорт (ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығырасталғанкезде);
5)ҚазақстанРеспубликасыныңазаматыалғашрет паспорт алғанкезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт(ҚазақстанРеспубликасыныңазаматтығырасталғанкезде);
6) тұрақтытұру, оқу, шетелдежұмысістеуфактісін, отбасыжағдайынрастайтын,тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқажәнекөшірме);
7) егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама;
8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі немесе оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар, егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 маусымда № 1536 болып тіркелген)және «Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 16116 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апостильдеу не заңдастыру рәсімдерінен өткеннен кейін ғана қабылданады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандартында қамтылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік сексенкүнді құрайды, қосымша қарастыру және (немесе) тексеру жүргізу қажет болған кезде қарау мерзімі күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші үш күнтізбелік күн ішінде құжаттарды тіркегеннен кейін ҚР ІІМ және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) ілеспе хат дайындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік екі күн ішінде дипломатиялық пошта арналары арқылы ҚР СІМ-ге жіберу үшін құжаттарды қалыптастырады және дайындайды. Көрсетілетін қызметті берушіден ҚР СІМ-ге күнтізбелік жиырма үш күн ішінде келіп түскен құжаттар, ҚР ІІМ-ге күнтізбелік екі күн ішінде жіберіледі.
ҚР ІІМ күнтізбелік жиырма күн ішінде құжаттар топтамасын тексеруді және паспортты дайындауды жүзеге асырады немесе паспортты дайындаудан бас тарту туралы хатты ҚР СІМ-ге жолдайды (қосымша қарастыру немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі күнтізбелік он күнге ұзартылады).
ҚР ІІМ-нен келіп түскен құжаттарды ҚР СІМ күнтізбелік жиырма бес күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік бес күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын екендігі туралы жазбаша хабардар етеді. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі жүгінген кезде қолма-қол беріледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкесмемлекеттікқызметкөрсетуден бас тартуүшіннегіздер:
1) мемлекеттікқызметтіалуүшінкөрсетілетінқызметтіалушыұсынғанқұжаттардыңжәне (немесе) олардақамтылғандеректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетінқызметтіалушыныңжәне (немесе) мемлекеттікқызметті көрсетуүшінқажеттіұсынылғандеректер мен мәліметтеросы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе бас тартылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.