Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
Полная версия и приложения
- Жалпы ережелер
- Осы Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңынын (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының шет елдерде мекемелерінің: «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу», «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу», «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу», «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу», «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
- Осы қағидалардың 1 тармағында көрсетлген мемлекеттік қызмметтер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші) көрсетіледі.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Шетелде неке бұзуды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
- Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
2-тарау. «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда «Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көзделген қажетті құжаттармен қоса көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге ата-аналары немесе басқа да мүдделі адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы) баланы туған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал бала өлі туған жағдайда, туу сәтінен бастап бес тәуліктен кешіктірмей береді.
Өтініште баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Кодекстің 63 және 194-баптарындағы талаптарына сәйкес көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтін жалпы көрсету мерзімі бес жұмыс күні.
- Көрсетілетін қызметті алушымен құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе құжаттардың жарамдылық мерзімінің өткендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар негіздерде қайта беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы тізімде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес өтініштердің есебін жүргізу журналында тіркеп, құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін мемлекеттік беруші қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғаны туралы растау талонын, оның қабылданған күнін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және құжаттар пакетін алған уақытын көрсететін белгі қойып береді.
Көрсетілетін мемлекеттік беруші бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне құжаттарды тексеріп, екі жұмыс күні ішінде «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) деректерді енгізеді. АХАЖ АЖ-ға кіруге рұқсат болмаған жағдада, көрсетілетін мемлекеттік қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың сканерленген нұсқасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД) электрондық поштасына деректерді АХАЖ АЖ-не енгізу үшін жолдайды.
АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркелгеннен кейін көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші актілік жазбаны екі данада басып шығарады және туу туралы куәлікті қалыптастырады.
Бір жасқа толған және одан үлкен баланың тууын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші жасаған баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының негізінде жүргізіледі.
Туу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер осы Қағидаларға
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Елтаңбалық бланкілерді беру» журналына (бұдан әрі - шығыс журналы) енгізіліп, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға туу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 2-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
- Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акті жазбалары мен қорытындылардың екі данасы (бар болса) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Cұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
- Егер бала туған кезде туған баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаса (ерлі-зайыпты болмаса), баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініш беріледі және оның және оған қоса берілетін құжаттардың дұрыс толтырылуы тексеруге жатады.
Әке болуды анықтау фактісі тиісті өзгерістер, толықтырулар енгізу арқылы тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасында көрсетіледі.
- АХАЖ АЖ-да бір мезгілде тууды мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде туу туралы акт жазбалары екі данада әке болуды анықтауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізудің алдында және соңында басып шығарылады.
Мұндай жағдайда баланың туу туралы куәлігі әке болуды анықтауға байланысты енгізілген өзгерістер, толықтырулар ескеріле отырып беріледі.
- Баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке (ана) болуды анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініштерді өкілдер арқылы қабылдауға жол берілмейді
3-тарау. «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш береді.
Кодекстің 11 бабында көрсетілген адамдар арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті толтыру кезінде мәліметтерді және/немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар негіздерде қайта беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдайды және өтініштердің есебін жүргізу журналына тіркейді және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.
Өтінішті қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдарға оны тіркеу тәртібі мен шарттарын, олардың болашақ ерлі-зайыптылар мен ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін, екі жақты келісім бойынша медициналық тексеру жүргізу құқығы туралы, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың некедегі (ерлі-зайыптылықта) және ол бұзылған жағдайда мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын неке шартын жасасу құқығы туралы түсіндіреді.
Некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың келісімі бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу уақытын (күнін және уақытын) белгілейді, бұл туралы өтініште белгі қойылады.
Неке жасына толмаған адамдарды неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және «Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш береді.
Осы құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кодекстің 10-бабының 2- тармағында көрсетілген дәлелді себептер бар болса, көрсетілетін қызметті беруші неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы шешім қабылдайды, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы қорытынды жасайды.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні екі данада акт жазбасын басып шығарады және неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
Некеге тұратын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге белгіленген неке қиюды тіркеу күні келуге міндетті. Белгіленген күні некеге отыратын адамдар не олардың біреуі келмеген жағдайда, неке қию туралы акт жазбасы келесі күнтізбелік жұмыс күні күшін жоюға жатады.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік өтініш берушіге онда көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде, егер ерлі-зайыпты некеге дейінгі тегін басқа жұбайының тегіне ауыстыруға ниет білдірсе, неке (ерлі-зайыптылықты) қию туралы акті жазбасында таңдалған ортақ тегі көрсетіледі.
Тегін басқа жұбайының тегіне өзгерту кезінде жұбайының тегі ұлттық дәстүрлерге сай берілген болса, оның тегі оның жынысына сәйкес және жұбайының (зайыбының) тегінің түпкі негізін сақтай отырып, ұлты әр түрлі адамдардың тегінің дұрыс жазылуына сәйкес айқындалады.
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік өтініш берушіге онда көрсетілген мәліметтер шығыс журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 3-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
- Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ акті жазбалардың екі данасы мен қорытынды (бар болса) бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Cұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
- Өкілдер арқылы неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді. Неке қию туралы куәлік үшінші тұлғалардың қолына берілмейді.
4-тарау. «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік даулары мен өзге де талаптары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші, сондай-ақ жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы Қазақстан Республикасының сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушы) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініші осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушіге «Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген қажетті құжаттармен қоса беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.
Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті толтыру кезінде мәліметтерді және/немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қайта тапсырылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қабылдауды және өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады, онда көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтінішті қабылдау күні, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағайындалған күні, сондай-ақ кейіннен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының нөмірі көрсетіледі.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.
Көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде алынған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексереді және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеудің белгіленген күні акт жазбасын екі данада басып шығарады да некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.
- Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзімді белгілей отырып, қамауда отырған жұбайын не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысын немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкінің қорғаншысын хабардар етеді. Осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінде дау болғаны туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға кедергі болып табылмайды.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға онда көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізілгеннен кейін беріледі.
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы хабарламаны неке қиюды тіркеу орны бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына жібереді.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 4-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
- Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ акті жазбаларының екі данасы бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
- Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды өкілдер арқылы мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
- Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде шығарылған некені бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімімен жүгінген жағдайда, Кодекске сәйкес қабылданған құжаттар неке қию туралы акт жазбасының берілген жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою үшін жіберіледі.
5-тарау. «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
- Жеке тұлғалармен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтініш көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген қажетті құжаттармен қоса беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті толтыру кезінде мәліметтерді және/немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қайта тапсырылады.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтінішті қабылдауды және өтінішті есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға өтініш бланкісінің жыртылып алынатын талонын береді.
Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы өтінішті тіркегеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарауды және талдауды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітетін қорытынды жасайды, содан кейін акт жазбасы екі данада басып шығарылады және атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлік қалыптастырылады.
Атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізіледі, одан кейін куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 5- тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
- Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Көрсетілетін қызметті беруші атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы акт жазбасын тіркегеннен кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізу үшін туу туралы акт жазбасының орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық әділет органына хабарлама жібереді және қажет болған жағдайда туу туралы жаңа куәлік талап етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ акт жазбаларының екі данасы және атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы бекітілген қорытындының түпнұсқасы бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы Әділет департаментіне мұрағатқа сақтауға жіберіледі.
6-тарау. «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
- Қайтыс болу туралы өтінішті осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес Кодекстің 270, 273-баптарында көрсетілген адамдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілген қажетті құжаттармен қоса, жазбаша нысанда береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.
- Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті толтыру кезінде мәліметтерді және/немесе құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негіздерде қайта беріледі.
- Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдауды және өтініштерді есепке алу журналында тіркеуді жүзеге асырады және өтініш берушіге оны алған күні, қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдау уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш бланкісінің жыртып алынатын талонын береді.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізеді. АХАЖ АЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттардың сканерленген нұсқаларын ҚР СІМ КҚД жауапты қызметкеріне деректерді АХАЖ АЖ-ға енгізу үшін электрондық пошта арқылы жібереді.
«Белгілер үшін» деген бағанда АХАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының туыстық дәрежесі немесе Кодекстің 273-бабында көрсетілген адамдардың санаты, сондай-ақ Кодекстің 270-бабына сәйкес қайтыс болған адамның құжаттарын (жеке куәлігін, ұлттық төлқұжатын және әскери билетін) алу туралы мәліметтер мен деректемелері көрсетіледі, олар кейіннен тиісті органдарға жіберіледі.
Егер қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу адамды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің негізінде жүргізілген жағдайда, ол қайтыс болған күні қайтыс болу туралы акт жазбасында сот шешімінің заңды күшіне енген күні немесе сот шешімімен белгіленген күн көрсетіледі.
АХАЖ АЖ-да мемлекеттік тіркеуден кейін көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде акт жазбасын екі данада басып шығарады және қайтыс болу туралы куәлікті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады.
Қайтыс болу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер шығыстар журналына енгізіледі, содан кейін өтініш берушіге куәлік беріледі.
- Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 6-тараудағы талаптарына сәйкес келмеуі.
- Министрлік Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
- Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттар, сондай-ақ акт жазбаларының екі данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нұр-сұлтан қаласы Әділет департаментіне бір апталық мерзімде мұрағатқа с сақтауға жіберіледі.
7-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау бойынша уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына тікелей келіп түскен өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен, көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқығы бар.