ИТАЛИЯҒА КЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА ЖАДЫНАМА
- Сапарға дайындалу барысында Италияға туристік, іскерлік немесе жеке
мақсатпен баруды жоспарлаған ҚР азаматтарының өзімен бірге: жарамды
төлқұжаты, медициналық сақтандыру, қонақ үй броні және ҚР-ға қайту әуе билеті
болуы міндетті. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Италияның құрлықтағы және
әуе шекараларынан өту кезінде Италия ІІМ Шекара полициясының қызметкерлері
тексеруі мүмкін.
2. Италияға сапарды жоспарлау кезінде Италияның ҚР-дағы Елшілігінің сайтынан
елде болу тәртібі және көші-қон ережелері туралы ақпаратпен танысыңыз:
https://ambastana.esteri.it/ru/servizi-consolari-e-visti/
3. Жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жасап, оларды түпнұсқа
құжаттардан бөлек ұстаңыз.
Назар аударыңыз!
Италияға келгеннен кейін жеке заттарыңызға, материалдық қаражаттарыңыз
бен құжаттарыңызға мұқият болуыңызды және оларды қараусыз
қалдырмауыңызды сұраймыз. Жеке заттар мен құжаттарды жалға алынған
автокөліктерде қалдырмаңыз.
Италияда қоғамдық орындарда (вокзалдар, метро, мейрамханалар, сәулет
ескерткіштері мен тарихи орындар, дүкендер мен сауда орталықтары, қонақ
үйлер мен автотұрақтар) қалта және көлік ұрлығы кеңінен таралған.
Егер Сіз қонақүйге орналасқан болсаңыз, құнды заттарды тек сейфтерде
қалдыруға кеңес береміз!
4. Құжаттарды ұрлатқан немесе жоғалтқан жағдайда Сіз жақын жердегі полиция
бөліміне (Polizia di Stato) немесе карабинерлерге (Carabinieri) құжаттар
ұрланған/жоғалған орын бойынша хабарласып, хаттама ресімдеуіңіз керек.
5. Хаттама ресімделгеннен кейін болған оқиға туралы ҚР-дың Италиядағы
Елшілігіне (Рим қ.) хабарлауыңыз немесе электрондық поштасына жазуыңыз
қажет:
тeл: +39 06 36 30 11 30 (тәулік бойы);
+39 06 36 30 84 76 (жұмыс уақытында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін);
E-mail: consul.roma@mfa.kz
6. Құжаттар ұрланған/жоғалған жағдайда ҚР-ға қайтуға арналған куәлік беріледі.
Қайтуға арналған куәлікті ресімдеу тәртібі келесі сілтеме бойынша орналасқан:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/article/details/145340?lang=kk
7. ҚР-ға қайтуға арналған куәлік жол жүру құжаты болып табылады және Сізге әуе
билеттерін сатып алуға әрі ҚР-ға кедергісіз қайтуға құқық береді.
8. Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек тек ҚР
заңнамасында көзделген жағдайларда ғана көрсетіледі. Осы нормативтік құқықтық
актілер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-
құқықтық жүйесі сайтында келесі сілтеме бойынша орналасқан:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014748
Сапарыңыз сәтті өтсін!