
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың 9 айында Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 6,68 млрд АҚШ долларын (экспорт – 6,11 млрд; импорт – 570 млн) құрады. , яғни жалпы тауар айналымы оның 16,2%-ға, экспорттың өсімі 20,8%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда Италиядан Қазақстанға импорт -18%-ға пайызға төмендеген.
Осылайша, Италия ү.ж. 9 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі үлес салмағы 9,2%-дан асатын (2020 жылы 8,9%) Ресей мен Қытайдан кейінгі Қазақстанның үшінші стратегиялық сауда әріптесі болып қала береді.
Негізінен кәсіпорындар құрылыс, сауда және ғылыми-техникалық қызметпен айналысады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес 2015-2020 жылдары Италиядан Қазақстанға инвестицияның жалпы ағыны 1,2 млрд АҚШ долларын құрап, яғни жыл сайын орта есеппен 200 млн АҚШ долларын құрады.
Инвестициялар жөніндегі комитеттің критерийлері бойынша Италия шетел инвестициясын тарту бойынша елдердің бірінші санатында.
2021 жылдың мамыр айында Италия бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Елдік инвестициялық бағдарламасы бекітіліп, оның аясында 7 мақсатты сала мен 44 мақсатты итальяндық компания анықталып, осы бағдарламаға сәйкес жүйелі және мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Анықтамалық: LEONARDO: Leonardo DRS, Leonardo International, Vitrociset, FATA Logistic Systems,Telespazio, Thales Alenia Space, MBDA, ATR, Elettronica, Avio, Larimart; FINCANTIERI, IVECO, e-GEOS, Alpi Aviation, SDF Group: Same, Lamborghini, Deutz Fahr, Hurlimann, Gregoire; Maschio Gaspardo, Enel, Hafner, Gruppo Falck, Irritec, Policlinico di Monza, Kedrion, NEOS, Italian Hotel Association, Tuvia group, Project Informatica, CNI, Mastery, Inalca, Ferrero, Barilla, Felicetti, Granarolo, Bonifiche Ferraresi, FAVA, PAVAN, Pomorete.
Елшіліктің инвестициялық бағыттағы негізгі оң нәтижелері:
Анықтамалық: Агромаш холдингінің айтуынша, компания өз стратегиясын қайта қарап, еуропалық серіктесінің стандарттарына толық сәйкес келуді жоспарлап отыр.
Анықтамалық: қазіргі уақытта итальяндық компания ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінен тұрақты рейстерді орындауға рұқсат күтуде.
2021 жылдың 10 айында біз әлеуетті итальяндық инвесторлардың Қазақстанға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Шымкент, Түркістан қалаларына 6-дан астам сапарын ұйымдастырдық және итальяндық компаниялармен 25-тен астам кездесулер өткіздік.
Негізгі мақсатты салалар: ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, ақпараттық технологиялар, туризм, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі.
Сонымен қатар, Италия бойынша 2021-2025 жылдарға арналған экспорттық бағдарламасына сәйкес Елшілік қазақстандық экспортты ілгерілету бойынша белсенді және жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде Savi Italo Srl компаниясының 50 мың тоннаға дейін астық, 9 мың тоннаға дейін зығыр және басқа да дақылдарды сатып алу ниет білдіргенін келтіруге болады.