
2020 ж. 14 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Фейсал Қоры жанындағы Король Фейсал сыйлығы комитетінің Бас хатшысы доктор Абдулазиз әл-Себайлмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қор арасындағы өзара қызығушылық танытқан салалардағы ынтымақтастықты дамытудың жолдары бойынша пікір алмасты.
Король Фейсал халықаралық сыйлығы 1976 жылы құрылып, бірінші марапат 1979 жылы табысталған. Сол уақыттан бері ол жыл сайын табысталып келеді. Қорды Сауд Арабиясының Королі болған Фейсал бен Абдельазиз Әл Саудтың (1964-1975 ж.ж. басқарған) ұлдары басқарады. Сыйлық бейресми түрде «Араб Нобель сыйлығы» деп те аталады.