
2020 ж. 7 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Корольдіктің Сыртқы істер министрінің Көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары доктор Абдурахман Ар-Рассимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, ДСҰ және т.б. ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық төңірегінде пікір алмасты.