Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Сауда-өнеркәсіп палатасы Федерациясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Сауда-өнеркәсіп палатасы Федерациясының басшылығымен кездесті

Ар-Рияд, 2025 жылғы 25 ақпан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палатасы Федерациясының төрағасы Хасан әл-Хвейзимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде B2B және G2B түріндегі кездесулер, сауда миссиялары, бизнес форумдар және т.б. бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Елші М.Меңілбеков Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, САК СӨП Федерациясының басшысы Х.әл-Хвейзи мен Сауд кәсіпкерлерін 2025 жылғы 29-30 мамырда өтетін алдағы Астана халықаралық форумына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің мүддесіне сай келетін ынтымақтастықтың нақты бағыттарын әзірлеуге келісті.