Сауд Арабиясының Мемлекеттік қызмет институты Астана мемлекеттік қызмет хабымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда

Сауд Арабиясының Мемлекеттік қызмет институты Астана мемлекеттік қызмет хабымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда

Ар-Рияд, 2025 жылғы 13 ақпан – Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменовтың Ар-Риядқа сапары болып, оның барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің Әлеуметтік даму және адам ресурстары министрлігі жанындағы Мемлекеттік қызмет институтының Бас директоры Бандар бен Асаад ас-Саджанмен келіссөздер өткізді.

Б.ас-Саджан институттың қызметі, сондай-ақ оның мақсаттары мен стратегиялары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламалары туралы айтып берді.

А. Байменов институтқа жылы қабылдағаны және ынтымақтастыққа қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдірді. Астана мемлекеттік қызмет хабының қалыптасу және даму тарихы туралы қысқаша әңгімеледі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы Мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты орнатудың бірқатар мәселелері, атап айтқанда, тәжірибе алмасу, сондай-ақ осы салада бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік басқару саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.