Қазақстан жыл сайынғы «LEAP-2025» цифрлық форумына белсенді қатысты

Қазақстан жыл сайынғы «LEAP-2025» цифрлық форумына белсенді қатысты

Ар-Рияд, 2025 жылғы 12 ақпан – 2025 жылғы 9-12 ақпан аралығында Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қаласында «LEAP-2025» Халықаралық форумы өтті, бұл IT индустриясының, жоғары технологиялардың, стартап жобалардың, инвесторлардың және цифрлық қауымдастықтың мамандары үшін маңызды оқиға болып табылады. 

Іс-шараға әлемнің 130 елінің өкілдері қатысты, жыл сайын «LEAP» форумына 20 мыңнан астам адам қатысады және олардың саны жыл сайын артуда.

Ағымдағы жылы форум аясында Қазақстанның атынан «Bini.co», «Bometric vsion», «Faceplate», «Interactive range», «Opensky», «Baibars Energy Fund» сияқты компаниялар белсенділік танытып, қазақстандық павильонда өздерінің инновациялық жобаларын көпшілікке сәтті көрсете алды.

Форум шеңберінде ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға, соның ішінде қазақстандық «Interactive range» компаниясы мен Сауд Арабиясының «Solidrange» және «Classera» компаниялары арасында қол қойылды. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылға қарай IT-қызметтер экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында бұл алаң отандық компаниялар үшін ірі шетелдік IT-өндіріс орындарымен бірлескен кәсіпорындар ашу бойынша бірегей мүмкіндік болып табылады.

Сондай-ақ, форум аясында Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшылар үшін міндетті туристік бағыт ретінде таныстыруға бағытталған «Born Bold» бастамасы ұсынылды. Бұл бастама Қазақстанның көшпелі және әртүрлі сипатын айқындап, динамикалық қалаларды, қонақжай халықты және туристерді күтіп тұрған ерекше әсерлерді көрсетуге бағытталған.