Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығы

Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығы

Ар-Рияд, 2025 жылғы 3 ақпан – ҚР-дың Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков  Корольдіктің Сыртқы істер министрінің орынбасары Абдурахман әр-Рассимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ), БҰҰ, МАГАТЭ және басқа да халықаралық платформаларда өзара іс-қимылды күшейту жолдарын қарастырды. Бұл тұрғыда, ИЫҰ аясында екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайту, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері маңызды болды. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бейбітшілік, қауіпсіздік және дамудың барлық аспектілері бойынша қызметін тиімді үйлестіру қажеттігі атап өтілді. МАГАТЭ аясында да ядролық қауіпсіздік және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасуды дамыту ұсынылды.

Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, білім беру, мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелері де талқыланды. Тараптар осы бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті дамытуға деген тұрақты ынтасын білдірді.