Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Arab News газетіне сұхбат берді

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Arab News газетіне сұхбат берді

Ар-Рияд, 2025 жылғы 23 қаңтар – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков жақында кеңінен танымал араб газеті «Arab News»-қа берген сұхбатында өзінің Корольдікке сапары және Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қатынастардың маңыздылығы туралы айтты. Сұхбат барысында ол екі ел арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуындағы жетістіктерді атап өтті.

Қазақстан дипломаты сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуетін ерекше атап өтіп, инвестициялар тарту және туризмді дамытуға бағытталған «Born Bold» бастамасы жайлы баяндады. Сұхбат барысында ол екі елдің мәдени байланыстарын тереңдету мен азаматтардың өзара сапарларды арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат соңында Елші сұхбат алушыны, «Arab News» газетінің тәжірибелі журналисті ретінде, Қазақстанға сапармен барып, 2025 жылғы 29-30 мамырда Қазақстанның астанасында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Arab News – 1975 жылы Сауд Арабиясында негізі қаланған алдыңғы қатарлы ағылшын тіліндегі баспа. Басылым Таяу Шығыстағы және әлемнің басқа бөліктеріндегі саяси оқиғалар, экономика, мәдениет және әлеуметтік мәселелер туралы кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Arab News сапалы халықаралық жаңалықтар беруімен танымал және оқырмандарына болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі объективті түрде талдауды ұсынады.

Газет Сауд Арабиясында ғана емес, бүкіл аймақта, сондай-ақ Таяу Шығыстан тыс жерлерде таралып, Еуропа, Азия және Солтүстік Америкадағы оқырмандарды қамтиды. Соңғы жылдары Arab News цифрлық кеңістікте өз орнын нығайтып, онлайн алаңдары мен әлеуметтік желілерді дамыта отырып, оқырмандарына нақты уақытта жаңалықтар жеткізуге тырысуда.