Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы парламентаралық ынтымақтастық

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы парламентаралық ынтымақтастық

Ар-Рияд, 2025 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед Әл Аш-Шейхпен кездесті.

Кездесу барысында парламентаралық саладағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны одан әрі дамыту мүмкіндіктері мен өзара сапарлармен алмасу мерзімдері талқыланды.

Елші М.Меңілбеков Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы баяндады.

Қазақ дипломаты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бастамаларын ұдайы қолдағаны және дінаралық келісімнің идеялары мен құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесі үшін Кеңестің Төрағасына және Корольдіктің өкілдеріне алғысын білдірді.

Өз кезегінде А.Әл Аш-Шейх Консультативтік кеңестің қызметі және оның заңнамалық, қадағалау рөлі жайлы қысқаша ақпаратпен бөлісіп, Қазақстан Сауд Арабиясының Орталық Азиядағы негізгі саяси және экономикалық әріптестерінің бірі болып табылатынын және бүгінгі таңда екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыстар орнатылғанын атап өтті.