
Ар-Рияд, 2024 жылғы 3 қараша – Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қаласының орталығында орналасқан Мәдени сарайында Қазақстан Республикасы күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Оған ресми тұлғалар, САК Консультативтік кеңесінің депутаттары, Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, Дүниежүзілік ислам лигасының, PIF Мемлекеттік инвестициялық қорының өкілдері, шет елдердің Елшілері мен дипломаттары, Ар-Рияд пен Джиддадағы халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам саяси қайраткерлері қатысты.
Қазақстан Елшісі М.Меңілбеков өзінің құттықтау сөзінде еліміз үшін Республика күнінің мемлекеттік және тарихи маңыздылығы туралы айтып, тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның негізгі жетістіктерін атап өтті.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың саяси-экономикалық және саяси реформаларына, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған оның халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жылдары ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сауд Арабиясына жасаған сапарлары, сондай-ақ оның САК Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен келіссөздерінің арқасында ауқымды серпін алғанын ерекше атап өтті.
Салтанатты қабылдауға қатысушыларға қысқаметражды деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның егеменді даму жылдарындағы жетістіктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
Мәдени сарайдың аумағында Қазақ киіз үйі мен көшпенділер қолөнерінің ұлттық бұйымдары қойылған этнографиялық көрме ұйымдастырылды, бұл қонақтарға қазақ халқының мәдениетімен етене танысуға, сондай-ақ ұлттық тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік берді. Жалпы қонақтарға негізінен ұлттық тағамдар ұсынылды, олардың ішінде жылқы етінен жасалған деликатестер, құрт, ірімшік, отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдері болды.
Кештің нағыз көркі Елшіліктің салтанатты-мәдени іс-шарасын қолдау мақсатында Қазақстанның Жамбыл облысынан арнайы келген К.Әірбаев атындағы филармониялық ансамблінің концерті болды. Әртістер белгілі қазақ композиторларының шығармалары мен ұлттық фольклорын көпшілікке ұсынды. Қонақтар салтанатты қабылдаудың ұйымдастырушылық жағын жоғары бағалап, ұлттық киімдерге, қазақ тағамдарының молдығына, мәдениеті мен шығармашылығына тәнті болды.
Қабылдау кезінде Қазақстанның туристік әлеуетімен көпшілікті таныстыру және жалпы осы саланы дамыту мақсатында "Air Astana" компаниясының "Джидда - Шымкент" және "Алматы-Медина" бағыттары бойынша авиабилеттері ойнатылды.
Іс-шара соңында Сауд Арабиясының көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлері мен шақырылған қонақтар Республика күніне орай Қазақстан халқын шынайы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.