
Ар-Рияд, 2024 жылғы 31 қазан – Сауд Арабиясы Корольдігінің Әділет министрінің заңнама және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары, Ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры доктор Башар бен Омар Әл-Мофадда Қазақстан Республикасының Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбековті қабылдады.
Кездесу барысында тараптар құқықтық саладағы ынтымақтастықтың келешегіне байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыға ағымдағы жыл Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын хабарлады.
Доктор Башар бен Омар Әл- Мофадда Корольдіктің Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға маңызды мән беретінін хабарлап, халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын атап өтті.