Сауд Арабиясының СІМ-де Қазақстан мен Корольдік арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сауд Арабиясының СІМ-де Қазақстан мен Корольдік арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ар-Рияд, 2024 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Сыртқы істер министрінің  орынбасары Сауд ас-Сатыймен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде екі ел көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен қолдауының арқасында сан қырлы ынтымақтастықтың ілгері дамуын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Саяси, инвестициялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелер, оның ішінде алдағы уақытта жоспарланып отырған өзара сапарлар, сімаралық консультациялар сияқты бірлескен іс-шараларға дайындық барысы талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті.