
Ар-Рияд, 2024 жылғы 27 қазан – Сауд Арабиясы Корольдігінің Білім министрі Юсеф бен Абдалла әл-Баниян Қазақстан Республикасының Корольдіктегі Елшісі Мадияр Меңілбековті қабылдады.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, жоғары білім мен ғылым саласындағы байланыстарды кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.
Елші Мадияр Меңілбеков Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі баптарымен таныстырып, Қазақстандағы ағымдағы ішкі саяси жағдай туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол ел мен қоғамда жүзеге асырылып жатқан маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ерекше назар аударды.
Елші 30 жыл ішіндегі екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі жетістіктер туралы айтты.
М.Меңілбеков Қазақстанның Сауд Арабиясымен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және осы салада тиісті құжатқа қол қоюға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Министр Ю.әл-Баниян Корольдіктің Қазақстанмен білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары, атап айтқанда, саудтық жоғары оқу орындарында оқуға шетелдік студенттерге жыл сайын 117 грант беру тәжірибесі туралы айтты. Осыған байланысты ол саудиялық тараптың қазақстандық студенттерге де грант бөлуге дайын екенін білдірді.