
Ар-Рияд, 2024 жылғы 21 қазан – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Сауда-өнеркәсіп палатасы федерациясының төрағасы Хасан әл Хвейзимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін, оның ішінде өткен жылы құрылған ҚР-САК Іскерлік кеңесі бағыты бойынша өзара әрекеттестікті белсендіруді мәселесін талқылады.
Елші М.Меңілбеков Қазақстанның ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы, сондай-ақ Үкіметтің отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес-ахуал жасау жөніндегі шаралары туралы баяндап берді.
Осы ретте қазақ дипломаты САК СӨП Федерациясының басшылығын 2024 жылғы 1 қарашада Астана қаласында өтетін алдағы «Kazakhstan Global Investment Roundtable» көрмесіне белсенді қатысуға шақырды.
Х.Хвейзи қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі ұсыныстарын толық қолдап, ҚР-САК бизнес-топтары арасындағы жаңа байланыстарды кеңейту және жолға қою үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсайтынына сендірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара сауда миссияларын өткізу, «B2B» және «G2B» кездесулер түріндегі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі практикалық қадамдарға кірісуге, логистикалық мәселелердің шешімін бірлесіп іздеуді бастауға, екі елде өндірілетін тауарлар номенклатурасымен алмасуға және т. б. уағдаласты.