Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа мүдделі

Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) Қазақстанмен тығыз ынтымақтастыққа мүдделі

Ар-Рияд, 2024 жылғы 12 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясы Мемлекеттік инвестициялық қорының (PIF) Директорлар кеңесінің Бас хатшысы және Аппарат басшысы Саад Әл-Крудпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен PIF арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, оның ішінде әртүрлі салаларда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.

Осы ретте Елші М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырды.

PIF Аппаратының басшысы С. Әл-Круд Қазақстанмен тығыз өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға және елде іске асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларға қатысуға дайын екенін қуаттады.

PIF 1971 жылы құрылды және Корольдік пен аймақтағы өнеркәсіп пен инфрақұрылым саласындағы ұзақ мерзімді мемлекеттік және квазимемлекеттік жобаларды қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылады. PIF жалпы активтері 960 миллиард АҚШ долларынан асатын әлемдегі ТОП-10 ең ірі әл-ауқат қорлардың бірі болып табылады, сондай-ақ Saudi Vision-2030 стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Корольдік экономикасын өзгертудің негізгі драйвері болып табылады. PIF-тің құрамына елдің ең құнды активтері, соның ішінде ең ірі Saudi Aramco мұнай компаниясы кіреді.