ҚР-дың Сауд Арабиясындағы Елшісі «Gulf Research Center» зерттеу орталығының басшысымен кездесті

ҚР-дың Сауд Арабиясындағы Елшісі «Gulf Research Center» зерттеу орталығының басшысымен кездесті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 9 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков «Gulf Research Center» зерттеу орталығының басшысы доктор Әбділәзіз Сақрмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, қазақ дипломаты еліміздегі саяси және экономикалық процестерді нығайтуға бағытталған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырды.