Сауд Арабиясы алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қызығушылық танытуда

Сауд Арабиясы алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белсенді қызығушылық танытуда

Ар-Рияд, 2024 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Сауд Арабиясының Спорт Вице-министрі Бадер әл Кадимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады.

Елші М. Меңілбеков Қазақстанның спорттық жетістіктерін айта отырып, жақында Ар-Риядта өткен Киокушин Каратэден Азия чемпионатындағы соңғы жетістіктерін атап өтті, онда қазақстандық спортшылар 15 елден келген қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді. 

Сонымен қатар, дипломат сұхбаттасушыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі баптарымен таныстырып, жолдауда көрсетілген экономикалық реформалар мен жаңа бағытына, индустрияландыруға, әртараптандыруға бағытталған кешенді жоспар, сондай-ақ басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділеттілік оның негізгі құрамы болатынын атап өтті. 

Вице-министр Б. әл Кади сұхбаттасушыны тыңдап, Президент Қ. Тоқаевтың жолдауында айтылған бастамалардың Қазақстанның дамуын қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, дипломат Сауд Арабиясының Спорт министріне 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақыруды тапсырды. Ол жарысқа әлемнің ондаған елдерінің өкілдері қатысатынын және ойындар аясында спорттың 20 жарыс және 10 көрме түрінен жарыстар өткізу жоспарланғанын атап өтті.

Вице-министр шақыру үшін алғысын білдіріп, Сауд Арабиясының V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатындығын растады.