
2020 жылғы 23 шілдеде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Рияд қаласында орналасқан саудтық Қызыл жарты ай қоғамдастығының басшысы доктор Мұхаммед бен Абдалла әл-Қасиммен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында тараптар әлемдік падемияға айналған COVID-19 індетіне қарсы екі елде жүргізіліп жатқан шаралар бойынша ой бөлісіп, екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мен көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Бас-пәтері Рияд қаласында орналасқан Сауд Арабиясының Қызыл жарты ай қоғамдастығы 1963 жылдың маусымында құрылып, қазіргі уақытта оның бөлімдері Корольдіктің 14 провинциясында жұмыс істейді. Қоғамдастық 2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызыл крест және Қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының ресми мүшесі болып табылады.
Жалпы, Корольдік аталған халықаралық қозғалыстың жетекші донор елі ретінде соңғы 15 жылда түрлі жобаларға 40 млрд. долл. көлемінде қаражат жұмсаған.