Медина аймағы Қазақстанмен серіктестікті күшейтуге мүдделі

Медина аймағы Қазақстанмен серіктестікті күшейтуге мүдделі

Медина, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков, Медина аймағына іс-сапары аясында аймақтың губернаторы ханзада Салман бен Сұлтан бен Әбделәзизбен және Сауда палатасының төрағасы Мазен бен Ибрахим Ражабпен кездесулер өткізді.

Аталған кездесулер барысында тараптар Ислам әлемінің рухани орталықтарының бірі болып саналатын Медина провинциясымен Қазақстанның ынтымақтастығын дамыту жолдарын талқылады.

Елші М. Меңілбеков Қазақстан мен Сауд Арабиясының дінаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ жаһандық ауқымда сұранысқа ие болған конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық тәжірибесін атап өтті. Ол сұхбаттасушыларды елдегі саяси және экономикалық реформалармен таныстырды.

Экономикалық тұрғыдан тараптар екі ел арасындағы инвестициялық және сауда байланыстарын нығайту, іскер топтардың өзара сапарларымен алмасу жолдарын қарастырды. Қазақстандық дипломат ү.ж. 29 шілдеде Алматы қаласында өтуі жоспарланған Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына Медина аймағының бизнесмендері мен ірі кәсіпкерлерін қатысуға шақырды.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар екі ел арасындағы өңірлік даму саласындағы серіктестікті одан әрі ұлғайтуға уағдаласты.