
2020 жылғы 16 шілдеде Елші Берік Арын SAJ Group компаниясының негізін қалаушы және иесі Хуссам Аль-Делайганмен кездесті.
Кездесу барысында түрлі салалардағы екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде SAJ Group компаниясының ауылшаруашылығы, металлургия және тау-кен саласындағы қазақстандық жобаларға қатысу мүмкіндігі талқыланып, компания үшін қызығушылық тудыратын бірқатар еліміздің инвестициялық жобалар саудтық кәсіпкердің қарауына ұсынылды.