Қазақстан Елшісі Табук провинциясының губернаторымен кездесті

Қазақстан Елшісі Табук провинциясының губернаторымен кездесті

Табук, 2024 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Табук провинциясының губернаторы ханзада Фахд бен Сұлтан бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен және туристік әлеуетімен, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Сонымен қатар, Мадияр Меңілбеков 2024 жылдың 8-13 қыркүйегінде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы хабарлады. Дипломат жарысқа әлемнің ондаған елдерінің өкілдері қатысатынын, ал ойындар аясында спорттың 20 жарыс және 10 көрме түрінен жарыстар өткізу жоспарланғанын атап өтті. Олардың ішінде ат жарыстары, ұлттық жекпе-жек, дәстүрлі зияткерлік ойындар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, халық ойындары және т. б.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы өңірлік даму саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын одан әрі ұлғайтуға уағдаласты.