Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі САК Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесу өткізді

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі САК Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесу өткізді

Ар-Рияд, 2024 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Сыртқы істер министрінің Консулдық мәселелер жөніндегі орынбасары Әли бен Әбделрахман әл-Юсефпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қатынастарды дамыту перспективалары туралы пікір алмасып, ҚР және САК Үкіметтері арасындағы дипломатиялық және қызметтік/арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің мемлекет ішіндегі рәсімдері мен күшіне ену мерзімдері туралы маңызды мәселені талқылады.

Сонымен қатар, Елші М. Меңілбеков Сауд Арабиясынан Қазақстанға келетін туристік ағынның артқанын атап өтіп, екі ел арасындағы туристік өзара алмасудың болашағы зор екендігіне үміт білдірді.

Өз кезегінде Әли әл-Юсеф консулдық байланыстарды жандандырудың маңыздылығын атап өтіп, Сауд тарапының Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын екендігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және ортақ мақсаттарға жету үшін күш-жігерді арттыруға келісті.