
Жидда, 2024 жылдың 10 маусым – Қазақстан Елшісі Мадияр Меңілбековты Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің (Шура Мәжілісі) төрағасы Абдалла бен Мұхаммед Әл Шейх қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі тереңдету жолдарын, сондай-ақ өзара сапарлармен алмасу мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Елші Шура Мәжілісінің төрағасына Қазақстанда жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді.