Қазақстан өкілдері жыл сайынғы "Riyadh Travel Fair" туристік көрмесіне қатысуда

Қазақстан өкілдері жыл сайынғы "Riyadh Travel Fair" туристік көрмесіне қатысуда

Ар-Рияд, 2024 жылғы 28 мамыр – "Алматы туристік бюросы" ЖШС өкілдері Қазақстанның атынан ҚР-ның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің, Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы "Riyadh Travel Fair"туристік көрмесіне белсенді қатысуда.

Сауд Арабиясының түкпір-түкпірінен келген сала мамандары мен саяхат әуесқойлары үшін маңызды оқиға болып табылатын "Riyadh Travel Fair" көрмесі 2024 ж. 27-29 мамыр аралығында Ар-Рияд Халықаралық көрме орталығында өтеді.

Көрмеге туризм, қонақ үй бизнесі және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Соңғы жылы "Riyadh Travel Fair" көрмесіне 24 мыңнан астам адам қатысқан.

2022-2023 жж. аралығында Сауд Арабиясынан Қазақстанға келушілердің саны күрт өскенін атап өту керек. Мәселен, бұрын Корольдіктен Қазақстанға баратын туристердің саны 900-ден аспайтын, ал өткен жылы олардың саны 7 мыңнан асқан.

Бұл Сауд Арабиясы азаматтарының Қазақстанға деген қызығушылығының артуының, сондай-ақ тікелей рейстердің, визасыз режимнің және басқа да қабылданған шаралардың қол жетімділігінің арқасында болды.