Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанмен байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі

Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Қазақстанмен байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі

Ар-Рияд, 2024 жылғы 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі М.Меңілбеков Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Жасем Мұхаммед әл-Будауимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде "Орталық Азия-Шығанақ елдері" өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы шеңберінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Бұл ретте, 2024 жылғы 29 мамырда Ар-Рияд қаласында өтетін алдағы "ОА-Шығанақ елдері" инвестициялық форумына дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Елші М.Меңілбеков аталған алаң жаһандық экономиканың өзекті мәселелерін талқылау және әлемдік нарықтың орнықты дамуы мен тұрақтылығына бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды таныстыру үшін маңызды алаң болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Бас хатшыны Қазақстандағы соңғы маңызды оқиғалар туралы хабардар етті, бұл ретте елдегі және тұтастай қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді көздейтін жүргізіліп жатқан реформаларға ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Бас хатшысы Дж.Әл-Будауи Кеңес пен Қазақстан арасындағы стратегиялық диалог қатынастарын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, инвестициялар, көлік және логистика, ғылым мен мәдениет және т. б. басым бағыттарда ОА елдерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Бүгінгі таңда Шығанақ мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі - Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Катар, Бахрейн және БАӘ сияқты араб елдерін біріктіретін қарқынды дамып келе жатқан халықаралық ұйым. Шығанақ елдері әлемдік экономиканың қаржылық резервтерінің 40% жинақтайды және әлемдік мұнай қорларының 40%  ие.