Қазақстанның Елшісі Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Қазақстанның Елшісі Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Жидда, 2024 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадияр Меңілбеков Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Тахамен кездесіп, ҚР Президентінің 2024 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен оны еліміздің ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі ретінде тағайындалғаны туралы Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің хатын табыс етті.
Сұхбат барысында М.Меңілбеков Қазақстанның ИЫҰ шеңберінде мұсылман елдерімен көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастырумен және дамытумен дәйекті өзара іс-қимыл жасауға бейілділігін растады.
Өз кезегінде, Бас хатшы Қазақстан ИЫҰ-ның халықаралық істердегі рөлін нығайтуға, мұсылман елдерінде ғылым мен технологияны дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды алға тарта отырып, ИЫҰ қызметіне елеулі үлес қосатын ұйымның белсенді мүшелерінің бірі екенін мәлімдеді.