
Ар-Рияд, 2024 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков САК Сыртқы істер министрінің протоколдық мәселелер жөніндегі орынбасары Абдулмаджид Әл-Самариге сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және екі елдің өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған нақты қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша Абдулмаджид Әл-Самари Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуда зор табыстар тіледі.