ДИЛ Бас хатшысы Қазақстанның түрлі діндер өкілдері арасындағы диалогты нығайтудағы жетекші рөлін атап өтті

ДИЛ Бас хатшысы Қазақстанның түрлі діндер өкілдері арасындағы диалогты нығайтудағы жетекші рөлін атап өтті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 20 сәуір. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы ҚР Тұрақты өкілі ретіндегі дипломатиялық миссияның аяқталуына байланысты Елші Б.Арын Дүниежүзілік ислам лигасының (ДИЛ) Бас Хатшысы Шейх Мұхаммед Абдулкарим әл-Иссамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік ислам лигасымен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын қарастырды.

ДИЛ Бас хатшысы М.әл-Исса Лига мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтіп, Елші Б. Арынның ҚР мен ДИЛ арасындағы қатынастарды дамытудағы, сондай-ақ дінаралық диалогты ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Бұл ретте, ДИЛ басшысы түрлі діндер өкілдері арасындағы диалогты жолға қоюдағы, толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін ілгерілетудегі ҚР-дың жетекші рөлін атап өтіп, Лиганың әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі шеңберінде Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша ДИЛ Бас хатшысы М.әл-Исса Елші Б.Арынға алғысын білдіріп, оның алдағы жұмысына табыс тіледі.