Сауд Арабиясында қазақстандық стартаптар қатысуымен Demo Day өтті

Сауд Арабиясында қазақстандық стартаптар қатысуымен Demo Day өтті

Ар-Рияд, 2024 жылғы 3 наурыз - Сауд Арабиясында Al-Farabi Innovation Hub ресми ашылуы қарсаңында ТШСА (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) нарығына кеңеюді жоспарлап отырған қазақстандық стартаптар қатысуымен Demo Day өтті. Еліміздің стартаптарының баяндамасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар министрлігі жанындағы цифрлық кәсіпкерлік орталығының (Сenter of Digital Entrepreneurship, CODE) аумағында өтті.

Сауд Арабиясының инвесторлары алдында өзінің стартапын таныстыру мүмкіндігі үшін 50-ден астам фаундерлер өтінім берді және олардың тек 13-і ғана соңғы шорт-листке өтті. Demo Day қорытындысы бойынша әрбір жоба кері байланыс алады: Таяу Шығыс нарығына шығу үшін келесі қадамдар бойынша кеңес болсын, инкубация немесе акселерация бағдарламасына қатысуға шақыру немесе инвестициялар туралы ұсыныс болуы мүмкін.

Мұның бәрі еліміздің технологиялық және IT-жобаларымызға инвестициялар тарту бойынша ЦДИАӨМ кешенді тәсілінің және Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпір қызметін атқаратын арнайы хаб құру идеясының арқасында мүмкін болды. Осындай рөлді орындау үшін Al – Farabi Innovation Hub құрылды, ол – ТШСА нарығына шыққысы келетін барлық бизнес түрлеріне арналған бастапқы нүкте.

Al-Farabi Innovation Hub қазірдің өзінде soft-landing немесе визалық қолдаудан бастап аймаққа келетін стартаптар үшін арнайы тарифтер бойынша кеңселер мен тұрғын үй ұсынуға дейінгі қолдау бағдарламасын ұсынады.

Demo Day Al-Farabi Innovation Hub дебютін өткізген The Code бас директоры Абдулла Әл-Шамранидің айтуынша, Al-Farabi Innovation Hub құру елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолындағы табиғи құбылыс екенін жеткізді.