
2024 жылғы 26 ақпан – БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясының Жоғары деңгейдегі сегментіне және БҰҰ жаһандық алаңының басқа да іс-шараларына қатысуы аясында Женевада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал Әл Саудпен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі даму перспективаларын, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауды талқылады.