Ар-Риядта Король Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің (KAUST) білім беру форумы өтті

Ар-Риядта Король Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің (KAUST) білім беру форумы өтті

2024 жылғы 12-13 ақпанда Эр-Рияд қаласында «Тhe Garage» платформасы негізінде Король Абдалла атындағы ғылым және технология университетінің  білім беру форумы (KAUST Future Forum) өтті, оған көрнекті ғалымдар, қоғам қайраткерлері, білім беру ведомстволарының бірінші басшылары, Корольдікте аккредиттелген елшілер мен дипломаттар шақырылды.

Іс-шараның мақсаты – панельдік пікірталастар мен интерактивті көрме арқылы университеттің зерттеулер мен инновациялардағы 15 жылдық жетістіктерін көрсету үшін үкіметтің, өнеркәсіптің, инвесторлардың және ғылыми топтардың күш-жігерін біріктіру.

Форумның ашылу салтанатына Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б. Арын қатысты. Форум аясында қазақстандық дипломат KAUST президенті профессор Тони Чанмен және оның орынбасары доктор Сүлейман Әл-Тунаянмен келіссөздер жүргізіп, олармен Қазақстан мен KAUST университеті арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Елші қазіргі уақытта Король Абдалла атындағы ғылым және технология университетінде оқитын қазақстандық студенттердің үлгерімі мен жағдайына қызығушылық танытты.

Университеттің мәліметінше, бүгінгі таңда KAUST-та әлемнің түрлі елдерінен 1800 студент білім алуда (оның ішінде 55%-ы САК азаматтары, 20%-ы ҚХР, 25%-ы басқа елдерден), оның ішінде 60-қа жуығы Қазақстаннан магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алуда.

Король Абдалла атындағы ғылым және технология университеті (KAUST) — Сауд Арабиясындағы техникалық-зерттеу білім беру орталығы, ол 2009 жылдың қыркүйегінде Қызыл теңіз жағасында (Жидда ірі порт қаласынан 80 км қашықтықта) ашылды. Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбделазиздің есімімен аталады. Университет ғимараттары қазіргі заманға сай салынып, заманауи техникалық жабдықтармен жабдықталған. «Nature Index» нұсқасы бойынша ең жылдам өсіп келе жатқан 40 университеттің қатарына кіреді және «QS World University Ranking» халықаралық университеттер рейтингінде «Сitations per Faculty» индикаторы бойынша 1-ші орында.